• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:52:37
Алматы
+35°

15 Қараша, 2017 Алаш-Орда

«Жыламасын сәбилер» қайырымдылық концертінің баспасөз мәслихаты өтті

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 24 қарашада Алатау дәстүрлі театрында «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концертін өтеді

Бүгін Алматы қаласы «Қазақстан баспасөз орталығында» «Алашорда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концертінің баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан баспасөз орталығында» өткен бұл шараға Ұшқын Жамалбек, Әсет Есжан сынды «Ugai production» әншілері мен Qamshy.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш қатысты.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында аталмыш концертке қандай азаматтар демеушілік жасауда? Концертте өнер көрсететін эстрада жұлдыздары кімдер? Сынды сұрақтарға жауап беріп, 4 миллион теңге көмек берілетін 100 жетім бала мен 100 студент қалай тізімделгені жайында сөз болды.

«Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 24 қарашада Алатау дәстүрлі театрында «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концертін өткізуді жоспарлап отырмыз. «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концертін өткізудегі басты мақсатымыз – 100 жетім бала мен әлеуметтік жағдайы төмен 100 студентке әрқайсына 20 000 теңгеден жалпы құны 4 миллион теңгені құрайтын қаржылай көмек көрсету», - дейді Qamshy.kz ақпарат агенттігінің жетекшісі Біләл Қуаныш.

Оның айтуынша, бұл концерт өзге концерттерден өзгерек.

«Жыламасын сәбилер» қайырымдылық концертінің өзге концерттерден ерекше болуының себебі неде? Аталмыш концертке билет алған адам өзінің ақшасы қай жетім балаға берілді немесе қандай жағдайы төмен студентке берілді – соны біле алады. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек алған студенттер мен жетім балалар өздеріне кімнің көмектескендігін білетін болады», - дейді Біләл Қуаныш.

Алматы

Конференцияда сөз алған әнші Ұшқын Жамалбек «Жыламасын сәбилер» «Ugai production»-ның алғашқы концерті екенін айтады.

«Ugai production»-ның тырнақ алды концерті қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылғанына қуаныштымыз» - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, «Алашорда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай 100 жетім бала мен 100 мұқтаж студентке 4 миллион теңге көмек берілетіні хабарланған. Бұл қаражат 24-ші қарашада өтетін «Жыламасын сәбилер» атты концерт билеттерін сату арқылы жиналмақ.

«Алаш деп мың сөз сөйлегеннен гөрі, бір іс жасауды мақсат тұттық. Осы шара арқылы қазақтың 100 жетім баласы мен 100 студентіне Алаш рухын сезіндіре алсақ мақсатымыздың орындалғаны» - деді Біләл Қуаныш.

Айта кетейік, «Алашорданың» 100 жылдығына орай жыл басынан бері 5 іс-шара жоспарланған. 5-ші наурызда Әлихан Бөкейханның туған күнінде Байтұрсынұлы мұражай үйінде Алаш арыстарының рухына арнап ас берілген. Сәуірде Байтұрсынұлы саябағына 100 ағаш отырғызылды. 100 жетім бала мен 100 мұқтаж студентке көмек беру осы іс-шаралардың жалғасы.

Алматы

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір