• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:56:54
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2018 NEWS

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық қазақстандық елден көшіп кеткен

Комиеттің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардың көпшілігі Ресейге қоныс аударған.  Германияға 500-ге тарта, АҚШ-қа 60-тан астам азамат көшіп кеткен.

2018 жылдың басынан бері Қазақстаннан 6 846 адам қоныс аударған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қоныс аударушылардың басым бөлігі солтүстік облыстардың тұрғындары, есесіне ірі қалалардың халқы өсіп жатыр.

Комиеттің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардың көпшілігі Ресейге қоныс аударған.  Германияға 500-ге тарта, АҚШ-қа 60-тан астам азамат көшіп кеткен. 

"Ең үлкен көші-қон Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді. Қазақстанға тұрақты тұруға келетін шетелдіктер де аз емес, олар, әдетте, ірі қалаларды таңдайды", — деді комитет сарапшысы Қайыр Рыспаев "Астана" арнасына берген сұхбатында. 

Сонымен қатар, қала халқының саны, әсіресе, мегаполистерде өсіп жатқаны айтылады. Мәселен, Алматыға көшіп келгендердің саны қоныс аударғандардан 9 294 адамға көп, қазргі уақытта қала халқы 1 миллион 815 мың адамға жеткен. Астанада бұл көрсеткіш — 3 370 адам. 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір