• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:29:28
Алматы
+35°

10 Қыркүйек, 2016 Шаруашылық

Жетісу дихандары Астанаға арзан ет, балық көкөніс әкелді

Алматы облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілері Астанаға 340 тонна өнім жеткізді. Жәрмеңке «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» акциясы аясында өтіп...

Алматы облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілері Астанаға 340 тонна өнім жеткізді. Жәрмеңке «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстың 16 ауданы, үш қаласы және «Жетісу» ӘКК 160 млн теңге болатын ауылшаруашылығы өнімін әкелді. Елорда қонақтары мен тұрғындарына ауылшаруашылығы өнімінің 38 түрі ұсынылады: ет және ет өнімдері, балық, жеміс-жидек пен көкөністер, сүт өнімдері, жұмыртқа, азық-түлік және кондитерлік өнімдер. Жәрмеңке Бауыржан Момышұлы даңғылының бойындағы Оқушылар сарайы аумағында 10-11 қыркүйек күндері өтеді.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесіндегі тауарлар құны қаладағы жекелеген бағадан 15-20 пайызға арзан. Жәрмеңкеге қойылған барлық өнім ветеринарлық және санитарлы-эпидемиологиялық тексеруден өткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір