• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:14:40
Алматы
+35°

26 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Жесір әйелдің зары: Мама, кім бұлар? (ІІ бөлім)

Әйелді көлікке отырғызып, жолай дүкеннен дорбасын толтыра азық-түлік алып берді де, үйіне жеткізіп тастады...

Әйелді көлікке отырғызып, жолай дүкеннен дорбасын толтыра азық-түлік алып берді де, үйіне жеткізіп тастады. Өздері әлгі қожайын Нұрланның егістік алқабына қарай жол тартты. Өң мен түстің арасында не болып, не қойғанын түсінбей қалған Гүлнәр бір орында мелшиіп тұрған еді, ту сыртынан қызы:
- Мама, кім бұлар? - деді.
- Білмеймін, қызым. Алланың жіберген адамдары шығар, - деді күбірлеп. Топтасқан еркек шаңдатып кете барды. Артынша жарты сағат өтер- өтпестен ұрда-жық Нұрлан бет-ауызы қан-қан болып үйге келді де:
- Гүлеке, кешіріңізші, мені… Мынау сіздің күндік ақшаңыз, - деді де, бір бума сабан ақшаны аяғына жығыла, қолына ұстатты.
Аң-таң болып тұрған Гүлнәр демнің арасында мүсәпір күйге енген қожайынын аяп, орынынан тұрғызды. Сол күннің ертесіне ауылда гу-гу өсек желдей есті. Барлығы жесір әйелдің сыртынан әңгіме айтуда.
"Ойбай, далада жатқан жерінен бір топ рэкет келіпті. Анау Нұрланды аяғына жығып беріпті".
"Егістікте ақырып тұрған жерінен Нұрланды бір топ еркек түсіп, тепкілеп: "Сен неге қазақ әйелін жылатасың? Неге ақысын бермейсің?" деп қан-жоса етіпті".
Расында көліктен түскен Сабыржанды көргенде Нұрланның көзі атыздай болып кеткені былай тұрсын, қорыққанынан "кіш" еткізіп жібергенін бүкіл ауыл білді. Сол оқиғадан кейін Нұрлан басқа жаққа жер аударылып кетті.
Иә, бұл бұйра шашты еркек расында 90 -жылдардағы атағы жер жарған Сабыржан Мүсілімұлы болатын. Жесірін жылатпаған, жетімін жәутеңдетпеген азаматтың соңына құқық қорғау органының адамдары шам ала түсті. Әр нәрсені сылтауратып, ақыры біреудің сыйға тартқан қанжарды көлігінен тауып, "суық қару" бар деп ұстады да, үш жылға бас бостандығынан айырды. Түрмеде жатқанда ауру жұқтырып, абыржып жүрсе де, "Қорғас" жақтағы қытайларды шекарадан өткізбеуге бел буған қазақ азаматын бүгінде көзі көргендер сағынышпен еске алады. Ми қайнатар ыстық күні Гүлнәрдің есінен танып жатқанын көрген Сабыржан жесір әйелді кездестірген жылы қатты сырқаттанып тұрған болатын. Ақыры сырқаты асқынып, көп ұзамай өмірден көз жұмды.

Жазба Бибігүл Дәулетбекқызының Facebook парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір