• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:38:43
Алматы
+35°

06 Қазан, 2017 Экономика

Жасыл климат қоры Қазақстанға $110 млн. қаржы бөлді

Климаттың өзгеруі әсеріне бейімделуге көмек көрсету үшін 124 ел үкіметтерінің бастамасымен құрылған

Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) негіздемелік бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру үшін $110 млн. көлемінде Қазақстан үшін қаржыландыруды мақұлдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жасыл климат қоры (GCF) жаңартылатын энергия көздерін Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) негіздемелік бағдарламасы бойынша жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобаларды іске асыру үшін $110 млн. көлемінде Қазақстан үшін қаржыландыруды мақұлдады.

GCF-тің бұл үлесі жеңілдікпен қаржыландыруды 106 млн. АҚШ долларын және 4 млн. АҚШ долларын техникалық көмек үшін грант түрінде қамтиды.

Жобалар Қазақстанның Үкіметіне «жасыл экономика» көшуге көмек көрсетуге, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін интеграцияны арттыру мақсатында күн, жел дамытуға, шағын су және биогаз, сондай-ақ электр желілерін жаңғырту және нығайтуға бағытталады.

Осы жобалар бойынша атқарушы агенттік болып бүгінгі күні Қазақстанға 7,3 млрд инвестициялаған Еуропалық қайта құру және даму банкі болады, оның ішінде тұрақты энергетикаға 1,7 млрд еуро. инвестиция салды.

Жасыл климат қоры мен Еуропалық қайта құру және даму банкімен белсенді бірлескен жұмыс Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін инвестиция және климаттың өзгеруімен күреске бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды арттыру күтілуде.

Жасыл климат қоры дамушы елдерде парниктік газдар шығарындыларын шектеу және қысқарту, сондай-ақ климаттың өзгеруі әсеріне бейімделуге көмек көрсету үшін 124 ел үкіметтерінің бастамасымен құрылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір