• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:02:33
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 Саясат

«Жас Отан» тарихында алғаш рет Орталық  кеңес мүшелері сайлауға түседі

«Жас Отан» тарихында алғаш рет ұйымның жоғары өкілетті органы – Орталық кеңес мүшелерінің ашық онлайн сайлауын жариялайды.

«Жас Отан» тарихында алғаш рет ұйымның жоғары өкілетті органы – Орталық кеңес мүшелерінің ашық онлайн сайлауын жариялайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінгі таңда жаңғыру мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Осы орайда «Жас Отан» жаңғыруды өзінен, Съезі алдында Орталық кеңес мүшелерін сайлаудан бастамақ.

Жанама сайлаудан ашық тікелей сайлау жүйесіне өту арқылы «Жас Отан» көшбасшылардың саяси аренада сайлау принциптерімен танысып, әрі қарай ашық сайлауға түсу жолдарын жетік меңгеруін көздейді. Тікелей сайлау жүйесі дауыс берушілерге үміткерлер арасынан үздігін анықтап, ең лайықтысын таңдауда еркіндік береді.      

жас отандықтар

Сайлауды өткізудегі басты мақсат – «Жас Отанның» ашықтығы мен сайланған Кеңес мүшелері арқылы қоғаммен байланыста болуға дайын екендігін көрсету.

Сайлау 2 кезеңнен тұрады. 1-кезеңде 18-25-ші қаңтар аралығында «Жас Отан»-ның әлеуметтік желі парақшаларында көрсетілген сілтеме арқылы тіркелуден өту керек. 25-ші қаңтар – 8-ші ақпан аралығында үміткерлер #JasOtanSailau хэштегімен Instagram парақшаларында жариялаған видео жолдауына 5000 лайк жинаулары қажет. Ал әлеуметтік желі қолданбайтын үміткерлер қол жинау арқылы 500 адамның қолдауына ие болулары міндетті. 2-кезең 10-24 ақпан аралығында жеткілікті қолдау жинаған үміткерлерге онлайн дауыс беру  өтеді. Дауыс беруге «Жас Отан» мүшелері қатыса алады. 26 ақпан сайлау нәтижелері баспасөз беттері мен ұйымның әлеуметтік желідегі парақшаларында жария болады. 18-29 жас арасындағы сайлауалды нақты жоспары бар кез келген көшбасшының қатысуға мүмкіндігі бар. 

Егер сені жастар мәселесі алаңдатса, жастар саясатына үлес қосып, саяси мансап жолында жетістікке жеткің келсе, сайлауға қатыс!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір