• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:41:39
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 Саясат

«Жас Отан» сайлауы жеңімпаздары қатарында «Ninety One» солисі де бар

Жас Отан Орталық кеңес мүшелігіне үміткерлерді сайлау аяқталды. 18 қаңтар күні жастар ұйымы алғаш рет кеңестің 16 мүшесі дауыс беру арқылы таңдалатынын айтты.

«Жас Отан» Орталық кеңес мүшелігіне үміткерлерді сайлау аяқталды. 18 қаңтар күні жастар ұйымы алғаш рет кеңестің 16 мүшесі дауыс беру арқылы таңдалатынын жария етті. Жеңімпаздар қатарында «Ninety One» тобының солисі Дулат Мұхаметқалиев пен қайырымдылықпен айналысатын қарағандылық Нияз Сундиталиев те бар, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

жас отан

1 айға созылған сайлау «Нұр Отан» партиясының жастар қанатында ғана емес, жалпы мемлекеттік жастар саясатында, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сайлау нәтижесі туралы сандар сөйлейді: республика бойынша 363 жас көшбасшы сайлауға қатысуға ниет білдірді, #jasotansailau хэштегі 1 458 рет қолданылды, қатысушылардың видеоүндеуін жалпы 100 000-нан астам адам лайк басты, телеграммда дауыс берген 38 857 адамның 14 467-сі «Жас Отан» құрамында. Ал қазір «Жас Отан»-ның ресми телеграмм каналын 9 мыңнан астам қолданушы оқиды, осылайша ұйымдар арасында Қазақстанда ең көп оқырманы бар каналдар қатарына қосылды.

4 жыл бойы жаңа сайланған 16 көшбасшы кеңес құрамына кіретін қалған 16 аймақтық филиалдардың төрағаларымен бірге жұмыс атқарады. Ал Орталық кеңесті «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев басқарады.

Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

«Орталық кеңес демократиялық жолмен сайланды. Әр аймақтың көшбасшысын жастар өздері анықтады. Соңғы кезеңге жеткен қатысушылардың барлығы өз аймақтарында беделді, жастар арасында құрметке ие, елі үшін аянбай еңбек етуге дайын азаматтар мен азаматшалар. Қатысушылардың барлығына өздеріне артылатын ауыр жүкті көретуге дайындықтары мен жастар саясатында көрсеткен белсенділіктері үшін алғыс айтамын. Әрине техникалық қосымшалардың көмегімен дауыс санын өзгертуге тырысқан үміткерлер болды, оларды дер кезінде анықтадық. Сайлаудың ашық және әділ болғанын сеніммен айта аламын. «Жас Отан» ол сайланған көшбасшылар емес, ол – Қазақстанның барша жастары. Біз кез келген жастың ұсынысын тыңдап, бірге жұмыс жасауға дайынбыз».

жас отан

Сайланған кеңес мүшелері «Жас Отан»-ның IV Съезінде бас қосады және кеңес жұмысының болашақ  жоспары және қызметімен танысады.

Астана қаласы бойынша 5 үміткердің арасынан үздік шыққан Arutas бетондық өнімдер шығаратын зауытының басшысы Алимкулов Бекжан сайлау туралы:

«Еліміздегі жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында осы сайлауға өз үміткерлігімді ұсындым. Сайлау тартысты және қызық өтті. Енді жеңіске жеткен 16 көшбасшыны үлкен сынақ пен көптеген жұмыс күтіп тұр. Бізді қолдаған және дауыс берген жастардың үмітін ақтауымыз қажет».

«Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңес мүшелігіне үміткер 16 жеңімпаздың тізімі:

Алматы қаласы – Дулат Мухаметқалиев, «Ninety One» тобының солисі

Астана қаласы – Бекжан Алимкулов, Arutas бетондық өнімдер шығаратын зауытының басшысы

Ақмола облысы – Байрамов Ислам, студент, Көкшетау жастарының көшбасшысы

Ақтөбе облысы – Абдрахманов Қуаншыбек,  «Актобемунаймашкомплект» ЖШС темір ұстасы

 жас отан

Алматы облысы – Абылқас Меруерт, «Талдықорған медициналық колледжі» Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы

Атырау облысы – Конысбаев Ильяс, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты

БҚО – Сұңғатов Жандос, БҚО «Жас Отан» жастар қанатының менеджері 

Жамбыл облысы – Серікбол Берікқожа, Тараз қалалық маслихат депутаты

Қарағанды облысы – Сундиталиев Нияз, қоғам қайраткері, мүгедек жастар мәселесін көтереді

Қостанай облысы – Жусупов Абай, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, студенттер мен жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бастығы

Қызылорда облысы – Ералиев Мағжан, 1000 адамды жұмыспен қамтып отырған жас кәсіпкер

Маңғыстау облысы – Құрманғалиев Ғани, Жаңаөзен қаласы жастар ісі жөніндегі комитет басшысы

ОҚО – Aбылай Мусабеков, ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ аудандық филиалының жетекшісі

Павлодар облысы – Қинаятов Серікболсын, Павлодар облыстық «Жас Отан» жастар қанатының менеджері 

СҚО – Арманов Рустем, дебат турнирлерінің қатысушысы, «Үздік спикер» - 2017

ШҚО – Балтабеков Еркебұлан, ШҚО ішкі саясат басқармасының бас маманы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір