• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:12:41
Алматы
+35°

15 Қараша, 2017 Әлеумет

Жас актриса жасы келген жазушының музасына қалай айналғанын айтып берді

31 жастағы актриса Марина Орлова ашық сұхбат барысында жақында қайтыс болған сатирик Михаил Задорновпен қарым-қатынасы жайында сөз қозғады.

31 жастағы актриса Марина Орлова ашық сұхбат барысында жақында қайтыс болған сатирик Михаил Задорновпен қарым-қатынасы жайында сөз қозғады.

Әртістің айтуынша, бәрі бір әннің сөзінен басталған. Михаил Задорнов Орлованың орындауындағы «Мой гений» әнінің сөзінен ерекше әсерлі күйге енген.

«Ол дәл осы әнді концертте орындап беруімді өтінді. Мен орындап бердім. Кейін өзге де әндерді орындай бастадым. Сахнада Задорнов сынды зиялы қауымның алдында тұрып ән шырқау менің арманым болатын», - деді актриса.

Уақыт өте келе Задорнов Маринаға туған өлкесін таныстырады.

«Ол табиғи сұлулықты бағалайтын. Менің мүлдем боянбай жүруімді талап ететін. Ал концерттерге, мерекелік кештерге ақ немесе ашық түсті қарапайым көйлек кигенімді қалайтын. Саханаға жылтырап шығуымды қаламаушы еді. Мен түрлі фестивальдарға қатысу үшін шетелге жол жүретін кездерімде ашуланатын, сөйтіп бірде туған күніме қызыл кілемше алып беретінін айтты. Ол кілемшені үйіме төсеп қойып, әрі-бері жүруім үшін... Задорнов үшін мен Маринушка болдым», - деп есіне түсірді Марина Орлова.

 Сондай-ақ Маринаның айтуынша, сатириктің энергиясы да мол болған. Ештеңеден қорықпайтын, кез келген тәуекелдерге баратын. Әдебиетті жақсы көрді, өзі кітаптар жазды, көп саяхаттады, салауатты өмір салтын ұстанды.

Әрі актриса Задорновтың бірінші әйелін танымағанын айтады. Екінші әйелі мен қызын білгенімен, жеке таныспаған. Ал Задорнов қызы жайында жиі айтқан көрінеді.

Марина Задорновтың соңғы музасы және ғашығы болып қалды. Алайда актриса халықтың сөзін жоққа шығарып отыр. Ол сатирикті өзінің ұстазы және досы ретінде қабылдағанын айтады.

«Михаил Задорновтың өлімі – мен үшін, халқылым үшін үлкен қайғы», - деді Орлова.

Айта кетейік, ресейлік жазушы әрі сатирик Михаил Задорнов 70-ке келген шағында 10 қарашада өмірден өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір