• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:47:11
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 Аймақтар

Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі зообақты қайта құру жұмыстарымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы зообақты қайта құру бағытындағы жұмыстармен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы зообақты қайта құру бағытындағы жұмыстармен танысты.

1980 құрылған зообақтың қазіргі  директоры Нұрғазы Бұхарбаев мәскеулік архитекторлардың қатысуымен бақтың бас конценциясы әзірленгенін атап өтті. Сонымен қатар ол қайта құру жұмысы бойынша 5 жыл бұрын «Африка» аумағы, әкімшілік ғимараты және «Тау» экспозициясы басталып, жоспарлы уақытында аяқталғанын жеткізді. Қазіргі кезеңде 9 вольердің құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Бұдан бөлек, хайуанаттар бағының іші көгалдандырылып, ішкі жолдар мен аяқжолдар бойына зообақ логотипі бейнеленген орындықтар орнатылған. Ал, орталық ішкі жолдардағы  гүлзарларда жағалай аң мүсіндері қойылған.

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жан-жануарларды сақтап, оларды көбейту мақсатында құрылған зообақта бүгінгі таңда 2,5 мыңға жуық  жан-жануар бар. Мұндағы келушілердің саны өткен жылы 426 мыңға жетсе, осы жылдың 3 айында  60 мыңнан астам адам келген.

Жануарлардың өсу динамикасы жыл санап артып, аң-құстардың түрі  75-тен 249-ға жеткен. Оның ішінде 40 шақтысы қызыл кітапқа енген. Шымкент  мемлекеттік  зоологиялық  саябағындағы атқарылып жатқан жұмысқа оң бағасын берген аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев құрылыс жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

«Зообақ - бұл қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын қуанышқа бөлейтін және мақтан тұтатын ерекше жерлерінің бірі болуы тиіс. Сондықтан да хайуанаттар бағындағы құрылыс жұмыстарының барлық талаптарға сай жүргізілуіне назар аударып, аумақты абаттандыру және көгалдандыруды мықтап қолға алуды, ішкі жолдарды ретке келтіруді тапсырамын. Сонымен қатар 2020 жылға дейін жан-жануарлар түрін көбейтіп, келушілер санын арттырыңыздар. Ал келушілерге ыңғайлы жағдай жасаңыздар, өйткені бұл жер танымдық демалыс орны», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, зообақтың жалпы ауданы - 30 гектарды құрайды. Оның ішінде экспозициялар 19 гектар жерге орналастырылған.  Зообақта тұяқтылар, жыртқыштар, приматтар, құстар, балықтар, бауырымен жорғалаушылар және қосмекенділерді тамашалауға болады. Сондай-ақ, мұнда балықтың 70 түрінен 1 254 балық мекендейтін аквариум орналасқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір