• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:45:59
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 Аймақтар

Зейнетақы қорының электронды сервистері  БҚО-да кеңінен  насихатталуда

Цифрландыру – сән қуу емес, бұл біздің өмірімізді барынша қолайлы ететін уақыт талабы.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Батыс Қазақстан облыстық филиалы облыс тұрғындарына  зейнетақы жарналары мен  зейнетақы қоры  ұсынатын  электронды сервис және  зейнетақы жинақтары мен төлемдерінің   электронды нұсқасын  таныстырды.

-Соңғы жылдары ақпараттандыру тәсілдері айтарлықтай кеңейді. БЖЗҚ уақыт талабына сай дамып келеді. Қашықтық арқылы қызмет көрсетуге есептелген көптеген жаңа электрондық сервис түрлері қолданысқа енгізілді. Енді кеңсеге барып, кезекте тұрмай-ақ қызмет алып, уақыт  үнемдеуге болады. Зейнетақы шотының  жағдайын үйде отырып-ақ  ұялы телефон арқылы да қадағалауға болады. 2017 жылы Қордағы электронды операцияларының көрсеткіші 52 пайызға жетті. Мұндай қызмет түрлерін біз одан әрі жетілдіре бермекпіз. Цифрландыру – сән қуу емес, бұл біздің өмірімізді барынша қолайлы ететін уақыт талабы. Сондықтан біз жұртшылықты бұл мүмкіндіктермен кеңірек таныстырмақпыз.  Қысқаша тоқталар болсам, қазір зейнетақы жарналарыңызды электронды пошта арқылы ғана емес, Қор сайтында жеке кабинет ашу арқылы, EGOV.KZ электронды үкімет порталы арқылы да алуға болады. Елімізде зейнетақы жарналарының үш түрі бар. Оның біріншісі, міндетті зейнетақы жарналары. Оны жұмыс беруші қызметкерінің айлық табысының 10 пайызы көлемінде зейнетақы қорына аударып отырады. Екіншісі – міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын жұмыс беруші змянды жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлердің есепшотына айлық табысының бес пайызы көлемінде аударады. Ал, үшіншісі- ерікті зейнетақы жарнасы. Өзінің зейнет кезеңін жосп арлап, қарттық шағындағы қажеттіліктеріне қаражат жинауға дайын азаматтарға арналған. Жарнаның бұл түрінің  сомасын салымшы өз ықтиярына қарай белгілейді,- деді «БЖЗҚ» АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Қайрат  Ихсанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір