• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:17:08
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 NEWS

Заңгер: Жәбір көрген баланың ісінде жемқорлыққа жол берілуі мүмкін

Конференцияда сөз алған заңгер Бауыржан Азанов зорланды деген баланың ісінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілген болуы мүмкін екенін жасырмады.

Бүгін Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюроның ғимаратында 7 жастаға ОҚО тұрғынына қатысты конференция өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оған заңгер Бауыржан Азанов, Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро директорының орынбасары Роза Ақылбекова, қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, қоғам белсендісі Дінмұхамед Артықов қатысты. 

Конференцияда сөз алған заңгер Бауыржан Азанов зорланды деген баланың ісінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілген болуы мүмкін екенін жасырмады.

 Бұған дейін заңгер бала мен әжесімен байланысқа шыға алмай отырғанын және баланың әжесі екі ай бұрын ОҚО ІІД шағым түсіргенін, алайда сол уақыт аралығында тексеру жұмыстары жүргізілмегенін айтқан болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір