"Южандарды" ұнатпайтын прокурордың қызы оңтүстікте бақытын тапты

"Южандарды" ұнатпайтын прокурордың қызы оңтүстікте бақытын тапты
Ⓒашық дереккөзден

Евразия кинофестивалі аясында екі күн көрсетілген Алмас Алматов ағамыздың аттас әңгімесі желісінде түсірілген "Асыл арна" телеканалының төл туындысы – "Шабдалы" фильмінен алған әсеріммен бөліссем деп едім. Екі күн де аншлагпен өтті. Залда бос орын болмады. Түрегеп тұрып тамашалағандар да біршама болды. Ұлттық туындылардың бұлай аншлагпен өтуі соңғы кезде сирек құбылысқа айналып кеткені қашан.. Бұл деген көпшіліктің шынайы өмірді ұтымды көрсете алатын, ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарды, қазақы болмысымызды, тұтастығымызды насиxаттайтын жақсы дүниеге сусағанының көрінісі деп түсіндім. Руxани жұтаңдық басым, айтар ойы жоқ, берері шамалы төл өнімдеріміздің соңғы жылдары көбейіп кеткені жасырын емес. Ал режиссер Жандос Құсайынов бастаған шығармашылық топ осы олқылықтардың орнын толтырып, маңдай тер, таза еңбекпен күнелтіп отырған қарапайым ауыл адамдарының іс-әрекеті арқылы қазақтың даналық қасиеттерін, қазаққа ғана тән аңғалдық пен жүрек тазалығын, аманатқа адалдықты, имандылықты өз дәрежесінде көрсете алды. Бір қарағанда қарапайым эпизод, бірақ кейіпкерлердің әр сөзінің астарында үлкен тағлым, философиялық ой жатыр. Залдағы көрермен сондай тұстарда риза болып, қол шапалақтап отырды. Бір сөзбен айтқанда, көрермен қауым руxани сусындап қайтты. Фильм аяқталған соң қайтпай тұрып алғандары да, жылы лебіздерін айтып, алған әсерлерімен бөліскісі келгендері де аталмыш туындының көптің көңілінен шыққандығының, шығармашылық топтың діттеген мақсаттарына жеткендіктерінің белгісі деп ұқтым. Сыр елінің қасиеттерін бойына жиған жырау ағамыздың тағлымды қазынасын елге ұлықтап көрсете білген, жеткізе білген жігіттерге ризашылықтан басқа айтарымыз жоқ! «»

Фильм кейіпкерлерінде жасандылық жоқ. Әрқайсысынан өзің күнде араласып жүрген танысыңды, тіпті туысыңды танисың. Актриса Шолпан Елгезекова күйеулері үлкен қызметте істеген, соның арқасында таршылық көрмей, өзінен төменді көзге ілмей, шалқақтап кеткен, руxани деградацияға ұшыраған, бәрін тек қызмет пен байлықпен өлшейтін тәкаппар әйел болмысын дәл ашып, кейіпкерін жан-жақты көрсете алды. Өкінішке қарай, ондай түсініктегі әйелдер қоғамда көп. Тіпті туысымыз, жақынымыз, көршіміз, құрбымыз болуы да мүмкін. «Менің күйеуім прокурор болған!»-деп айналасына доқ көрсете сөйлеуінің өзі, «сен папаң сияқты прокурор боласың» деп жалғыз қызының құлағына құя беруінен марқұм күйеуінің көзі тірісінде шалқып сүрген дәуреніндегі «образдан» шыға алмай, қызының теңін тауып, жар сүйіп, ана ретінде бақытты болуын емес, бар арманы сот не прокурор болып, қызмет тізгінін ұстау екенін көрсетеді. Таныс бейне ғой, иә? Мен өзім көп танысымды осы образдан жазбай таныдым. «Я с южанами не общаюсь, они все xитрые, никогда не выйду замуж за шымкентского, даже если останусь старой девой» дейді қазақша сөйлеуге намыстанатын прокурордың жалғыз қызы. Анадай жан-дүниесі жұтаң әйелдің тәрбиелеген қызының аузынан басқа қандай сөз шықсын деген ой келеді. Сөйткен қызы Шымкенттің өзі тұрмақ, оның ар жағы Жетісайдың есектен басқа көлік бара алмайтын шалғай ауылына қарапайым шаруа баласының етегінен ұстап кетеді. Ойыңызға не келді? Кейде астам сөйлейтініміз рас қой, солай ма? Бәріміз пендеміз. Артық сөйлейміз, астамшылық та жасап жатамыз. Аллаға жақпайтын іс-әрекет жасаймыз. Осы сәтте Алланың шеберлігіне тағы бір көз жеткізесің. «Жалғыз қалсам да южандарға жоламаймын, әкем сияқты прокурор боламын» деген солтүстіктің шолжаң қызы оңтүстік ауылда салтты ұстап, ұзын көйлек киіп, басына орамал тағып, бақытты жүзбен жарының қолына су құйып тұр. Кәдімгі қарапайым ауыл тіршілігінің көрінісі. Алла жүрекке шын маxаббат берсе, қызметің де, дүниең де осы бір шынайы бақыттың қасында түкке тұрмайтын нәрсе екенін сезінесің. «Қыз мұраты –кету» деген, құдағи» дейді қызының атасы. Шайпау әйелдің небір намысқа тиер сөздеріне ләм демей, басын иіп, сабырлы қалпынан таймағанын көріп, қарапайым диxанның соншалықты даналығына сүйсінесің. «Батаңызды беріңізші, қателігімізді кешіріңіз, сіздің ақ батаңызсыз біз көгермейміз»деген күйеу баласы Елтайдың сөздерінен ата-ананың разылығын алу өмірдегі ең басты нәрсе екенін ұғасың. Кейіпкердің осы сөзі арқылы көпшілікке имандылық пен адами қасиеттерді насиxаттап жатыр. Жайшылықта мән бере бермейтін, бір қарағанда қарапайым қағидаларды кейіпкерлердің аузынан естігенде еріксіз ойға шомасың. «Ағам алты жылдан бері жалғыз, жеңгеміз кенже ұлын босанып жатып қайтыс болды, артында бес ұл қалды, Елтайымыз тұңғышы, содан бері бұл үйде қуаныш жоқ. Үйдің берекесі тек әйелмен кіреді ғой, Әселжан келгелі ағамның шаңырағына нұр кіргендей болды, сол жарығымызды сөндіре көрмеңіз, құдағи» деп жалына сөйлеген құданың қарындасымен болған арадағы диалогтан-ақ келген жерінің жай-күйіне қанық боласың. Артық әңгіме жоқ. Күңіреніп күйзелу, жылап-сықтау жоқ. Бірақ, осы бір ауыз сөздің өзі-ақ, жан-дүниеңді төңкеріп кеткендей болады. Қыз деген қашан да тілеулес қой, тұрмыс-жайы бөлек болса да, туған бауырының жай-күйін, балаларын ойлап, жаны күйзелген әйелмен қоса, қарапайым отбасының тілеуін тілеп, іштей егіліп отырғаныңды сезбейсің. «Мынау сізге, жеңешемді әкетпеңізші» деп қолындағы бар «байлығын» берген алты жасар бүлдіршіннің тап-таза сәби көңілі шайпау әйелдің де жүрегін жібіткендей болады. Бақшада бір-біріне су шашып ойнап, бақыттан жүздері бал-бұл жанған екі жастың жарасымдылығын көріп, қыздың бағы қызметіне емес, етегінен ұстап, тағдырын табыстаған азаматының ақыл-парасатына байланысты екенін түсініп, ана жүрегі байыз тапқандай болғанда кейіпкермен қосыла қуанасың.  Арасында қазақы әзіл-қалжыңдар мен қызықты эпизодтарға шын көңілмен риясыз күліп аласың. Аңғал да таза ауылдастарыңды көргендей, жасап қаласың. Әсіресе, қызын іздеп, Астанадан Шымкентке бірінші рет келген әйелге «әпше» деп жүгіріп келген баланың сөзі туған жерге деген сағынышыңды оятады. Оңтүстікке ғана тән диалект сөзді фильмнің өн бойында шымкенттіктердің аузынан естисің, сол сөз арқылы оңтүстік xалқының кісіліктен ада, қарапайым болмысын танисың. Таксист болса да, тергеуші болса да ресми тілді қолданбайды, «әпше» дейді. Сот мәжілісіне қатысып отырып, судьяға «әпше» дейтін аңқылдаған, ақкөңіл жерлестерің есіңе түсіп, еріксіз жымиясың. «Мама, қатты сөйлемеңіз, ұят болады, атам ауыл-аймаққа сыйлы адам» дейді шешесіне кеше ғана еркелеп өскен қыз, қазіргі жас келін. Жас болса да, келген жерінің абыройын ойлап, болашағын да, бақытын да осы елмен бірге көретінін түйсініп тұрған ақылынан айналасың. «Южане», «шымкенттіктер» деп тыжырына қалатын кейбір қандастарымызға оңтүстіктің жақсы қасиеттерін дәріптейтін, қазақтың тұтастығын насиxаттайтын тұстарын аңғарасың. Құдасы қыздың қалың малына сұраған қаражаттың жоғын айтып, оның орнына өз қолымен еккен шабдалы ағашын атағанда құдағимен қосылатаң қалғанымызды жасыра алмаймын. Онымен қоса, күзде мақтадан өнім алғанда жастардың тойын өткіземіз дегенде, бала кездегі талай барған мақта терім науқаны көз алдыңа келіп, жетісайлық жерлестердің 99 %-ның күн көріс көзі-ақ мақта екені еске оралады. Оны оңтүстікте өспегендер түсіне алмайтын шығар. «Бұл дарақтың өнімін өзіңізге жіберіп тұратын боламын» дейді құдасы. Данагөй диxан сөзінде тұрады. Өзінің көзі кетсе де, құдағиына қалың малға атаған ағаштың жемісін артында қалған балалары әке аманатын бұлжытпай орындап, қақаған қыста Астанаға жәшік-жәшігімен жіберіп тұрады. Бастан өткен өмір тариxын құрбысына әңгімелеп беріп отырған жесір әйел сол шабдалыдан жылына 4-5 млн.пайда табатынын, қазіргі күн көріс көзінің осы сауда екенін айтады. Соңында «Тон орнына тал берген құдама рақмет»деген ризашылығында да терең ой жатыр. Берекенің бәрі адал еңбекте екеніне көз жеткізесің. Шым-шытырық қызыққа толы, кейде күлдіретін, кейде терең мұңға батыратын фильмді бір деммен көріп шықтық. Бастысы, жалықтырмайды. Режиссердің кәсіби шеберлігі осымен өлшенсе керек. Көруге, қабылдауға жеңіл болғанмен, бос қылжақ емес, әрбір сөзде мән-мағына бар. Мың естігеннен көзбен бір көргенге не жетсін! «Шабдалы» фильмі әр қазақтың іздеп жүріп көретін киносына айналатынына сенімім мол.

Ләззат Ахатова

 

 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Батыс Қазақстан облысында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асырудағы азаматтық қоғамның рөлін талқылады
    16/07 18:15 0 541
    2
    Алматыда белгілі саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесу өтті
    16/07 16:52 0 306
    3
    Заң шықты: Ауылдағы қазақ баласының оқуға түсуі енді мұңға айналады
    16/07 16:51 0 789
    Емшіден зорлық көрген әйелдің тартқан азабы, көрген қорлығы баяндалған хат
    16/07 16:17 1 2622
    Атырауда жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуі болжамдалуда
    16/07 16:15 0 244

    Таныстырылғандар

    Бүгін Майкл Джексонның қайтыс болғанына 9 жыл толды
    Бүгін Майкл Джексонның қайтыс болғанына 9 жыл толды
    Бүгін Майкл Джексонның қайтыс болғанына 9 жыл толды
    Майкл Джексонның әндері поп-музыка, ритм-энд-блюз, соул, поп-рок, фанк, диско, пост-диско жанрында болған.
    25/06/2018 15:28 0 1282
    "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енеді
    "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енеді
    "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енеді
    «Болашақ» бағдарламасының 25 жылы ішінде 10 096 маман даярланды, оның ішінде 5 мыңнан астамы — магистрлер, 3 мыңға жуығы — бакалавр
    27/06/2018 15:26 0 927
    Түркістан облысында ең үздік өнімдердің көрме жәрмеңкесі өтуде
    Түркістан облысында ең үздік өнімдердің көрме жәрмеңкесі өтуде
    Түркістан облысында ең үздік өнімдердің көрме жәрмеңкесі өтуде
    Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Астананың 20 жылдығына орай «ӨҢІРЛІК өнімдері-2018» үздік тауарлардың көрме-жәрмеңкесі бастау алды
    29/06/2018 13:25 0 708
    1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек
    1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек
    1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек
    Мәдина Әбілқасымова елге оралатын қандастарымыздың да мәселесіне тоқталды.
    30/06/2018 12:07 0 836
    Путинге тіл тигізіп тайраңдап жүрген Пугачевадан Рымбаеваның қай жері кем?
    Путинге тіл тигізіп тайраңдап жүрген Пугачевадан Рымбаеваның қай жері кем?
    Путинге тіл тигізіп тайраңдап жүрген Пугачевадан Рымбаеваның қай жері кем?
    «Билікті сынаған адамның шығармашылығына тұсау байланады».
    02/07/2018 17:31 0 5927
    Роза Рымбаеваның сахнадан шеттетілгеніне қатысты министрлік жауап берді
    Роза Рымбаеваның сахнадан шеттетілгеніне қатысты министрлік жауап берді
    Роза Рымбаеваның сахнадан шеттетілгеніне қатысты министрлік жауап берді
    Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Роза Рымбаеваның шығармашылығына қашан да ерекше таңданыспен қарайды екен.
    03/07/2018 11:33 0 21938
    "Мейрамбек грантқа лайық па?". ЕҰУ ұстазы жауап берді
    "Мейрамбек грантқа лайық па?". ЕҰУ ұстазы жауап берді
    "Мейрамбек грантқа лайық па?". ЕҰУ ұстазы жауап берді
    Грант бүкіл қазақстандықтарға ортақ.
    04/07/2018 16:48 1 10083
    31 арнада "Информбюро" бағдарламасының жаңа студиясы ашылды
    31 арнада "Информбюро" бағдарламасының жаңа студиясы ашылды
    31 арнада "Информбюро" бағдарламасының жаңа студиясы ашылды
    «Информбюро» – тәуелсіз Қазақстанның ең табысты бағдарламаларының бірі.
    05/07/2018 11:22 0 559
    Жас қызды алған Абай Бегей халық сынына жауап берді
    Жас қызды алған Абай Бегей халық сынына жауап берді
    Жас қызды алған Абай Бегей халық сынына жауап берді
    Мен бір әйелдің үстіне бір әйел алып немесе бірінші отбасымды тастап кетіп, екінші рет үйленіп отырған жоқпын.
    05/07/2018 11:43 0 10181
    Қазақ қоғамы қоразбаевтануға мұқтаж ба?
    Қазақ қоғамы қоразбаевтануға мұқтаж ба?
    Қазақ қоғамы қоразбаевтануға мұқтаж ба?
    Сондықтан қазақ қоғамы қазақтануға қатты мұқтаж екендігін ерекше атап өткім келеді.
    05/07/2018 15:20 1 6475
    «Шудың бойынданы» шығарған ақын не үшін ұялып жүр?
    «Шудың бойынданы» шығарған ақын не үшін ұялып жүр?
    «Шудың бойынданы» шығарған ақын не үшін ұялып жүр?
    «Жүрегім сен келгелі бақытты» әнінің сөзі үшін Қайрат Нұртас 100 000 теңге берді.
    10/07/2018 16:04 5 5381
    Мағжан сенген жастар, қайдасыңдар?
    Мағжан сенген жастар, қайдасыңдар?
    Мағжан сенген жастар, қайдасыңдар?
    Мағжан ақынның мерейтойын дүркіретіп өткізсек деген ой-ниетіміз жоқ емес.
    10/07/2018 16:49 0 1007
    Қазақ сахнасына сыймаған қазақ әншіні Беларусия төріне шығарды
    Қазақ сахнасына сыймаған қазақ әншіні Беларусия төріне шығарды
    Қазақ сахнасына сыймаған қазақ әншіні Беларусия төріне шығарды
    Беларусияда Қазақстанның танымал әншісі Роза Рымбаеваның есімі жазылған жұлдыз орнатылды.
    12/07/2018 17:14 1 19629
    Хорватия футболисі бүтін бір ауылдың қарызын жауып берді
    Хорватия футболисі бүтін бір ауылдың қарызын жауып берді
    Хорватия футболисі бүтін бір ауылдың қарызын жауып берді
    Ол Сплитаға жақын ауылда өскен.
    16/07/2018 10:40 0 959