• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:35:37
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 Спорт

Юлия Галышева: Канададан ұсыныс түскен болатын

Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева өзіне 2015 жылы Ресейдің атынан өнер көрсету туралы ұсыныс түскенін айтты.

Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева өзіне 2015 жылы Ресейдің атынан өнер көрсету туралы ұсыныс түскенін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сүйеніп. 
 
Өскемендік жерлестерімен әуежайда қауышпас бұрын Юлия Галышева журналистердің сауалдарына жауап берді. «Маған Сочи Олимпиадасына бір ай қалғанда Канададан ұсыныс түсті. Тіпті сол елдің төлқұжатын да бермекші болған.
 
Ал 2015 жылы ресейліктер азаматтық ұсынды. Көріп тұрғандарыңыздай, мен келіспедім. Мен өзімді өсіріп, жеткізген Қазақстанның ғана атынан сынға түсемін. Өйткені отаным - Қазақстан», - деді фристайлшы. Юлия үшін Олимпиада аяқталғанымен, еңбек демалысын мамыр айына қарай алмақ. «Фристайл спортының маусымы тең ортасына келді.
 
Сондықтан, әлі 2 айдай жарыстарға қатысамын. Әзірге спорттан қол үзіп немесе үзіліс жариялайын деген жоспарым жоқ», - дейді Юлия Галышева. Ол Пехнчхан төрінде төрешілердің әділ қызмет еткенін де атап өтті. «Төрешілерге айтар сыным жоқ. Өнеріме лайық баға берді деп ойлаймын» - деді олимпиада жүлдегері.  
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір