• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:50:22
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 NEWS

Иван Ургант президенттікке үміткер Ксения Собчакқа пародия жасады (видео)

Ксения Собчак 2018 жылы президенттік сайлауға түсетінін айтып, сайлау алдында видео жариялаған

 «Вечерний Ургант» бағдарламасының жүргізушісі әзіл-шыны аралас видеода сөздің басын өзін таныстырудан бастады.

«Менің есімім Иван Ургант. Менің жасым 36-да. Шын мәнісінде жасым 35-те. Ресей Федерациясының азаматшасы ретінде сайлауға түсе аламын. Сондықтан осы құқығымды пайдалануды жөн көрдім. Неге? Неліктен? Қашан? Сағат қаншада? Бұл кімнің киімі? Итті кім жуындырда? деген секілді көп сұрақ қоюға болады. Шынын айтсақ, шыншыл болу - шындыққа өтірік айту» деп сөзін жалғады Иван Ургант.  

«Менің жасым 2-де болғанда паравоз бар еді. 7 жасқа толғанда Олег Газманов әнін жазып үлгерген. 12-ге толғанда менің жасым 27-де болды. Сондықтан сайлауға қатысуды жөн көрдім. Естеріңізде ме құжатта «ұлт» көрсетілетін. Оны бізден тартып алды» деді тележүргізуші.

Иван Ургант сөзін әнші Стас Пьехаға дауыс беріңдер деп аяқтады.

Айта кетейік, Ксения Собчак 2018 жылы президенттік сайлауға түсетінін айтып, сайлау алдында видео жариялаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір