• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:16:00
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2018 NEWS

Ирандық әйелдер хиджабқа қарсы шықты

Тегеран полициясы хиджаб киюге қатысты заңға қарсы шыққаны үшін 29 әйелді тұтқындады

Тегеран полициясы хиджаб киюге қатысты заңға қарсылық білдіріп ереуілге шыққан 29 әйелді тұтқындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Полиция бөлімшесінде оларды қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынды деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желіде ирандық әйелдердің орамалдарын шешіп, ту ұстап тұрған суреттері пайда болған еді. Құқық қорға органдары, тұтқынға алынған әйелдер шетелдік пропагандашылардың ықпалына ұшыраған деп айтты.

Міндетті хиджап киюге қатысты заңға мемлекеттің экс-президентінің қызы Фаезе Хашеми Рафсанджани да қарсы шыққан.

«Хиджабты міндетті түрде кию керек деген заңға қарсымын. Кез келген адамның таңдау құқығы болуы қажет. Мен өзімді мұсылман феминистерінің қатарына жатқызамын. Әйелдер мен ерлердің құқығы тең болуы керек», - дейді ол.

Айта кетер болсақ, ирандық әйелдер мен өзге ұлт өкілдеріне қоғамдық жерлерде орамалсыз жүруге қатаң тыйым салынған заң 1979 жылы қабылданған. Соңғы жылдары мұндай талаптың орындалуына баса назар аударуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір