• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:24:25
Алматы
+35°

16 Қараша, 2017 Оқиғалар

Иран билігі табиғи апаттан зардап шеккендерге қаржы бөлді

Ресми мәлімет бойынша табиғи апаттан Иран аумағында 474 адам қаза тапты

Иран билігі зілзаладан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін 70 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Оның 165 миллионы Керманшах провинциясындағы қираған нысандарды қалпына келтіруге жұмсалады. Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша табиғи апаттан Иран аумағында 474 адам қаза тапты. Тағы 9 мыңнан астамы жараланған.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, зілзаладан бір ғана Керманшах провинциясына 500 миллион доллар көлемінде шығын келген.

Аймақ басшысының айтуынша, жер сілкінісінен 40 мыңдай үйдің қабырғасы сөгілді. Қазір мұндағы тұрғындар ауыз су мен электр жарығынан ажыратылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір