• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:07:32
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Саясат

Игорь Рогов жаңа қызметке тағайындалды

Қордың жұмысы жас таланттарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Игор Рогов ҚР Тұңғыш Президенті қоры атқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«2017 жылдың 14 желтоқсанында  Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды», деп жазылған хабарламада.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры — 2000 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстандағы коммерциялық емес ірі ұйым.

Бұл қордың жұмысы жас таланттарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды, сондай-ақ сараптамалық орталықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Рогов Игорь Иванович 1950 жылы 17-мамырда Бакуде дүниеге келген. Бұған дейінгі соңғы қызметі ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір