• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:09:06
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2017 IT

Хакерлер Walt Disney-дің әлі шықпаған фильмін ұрлап кеткен

Хакерлер әйгілі Walt Disney-дің әлі экранға шыға қоймаған дайын фильмін ұрлап кеткен. Бұл туралы компанияның бас директоры Боб Айгер айтқан деп хабарлайды...

Хакерлер әйгілі Walt Disney-дің әлі экранға шыға қоймаған дайын фильмін ұрлап кеткен. Бұл туралы компанияның бас директоры Боб Айгер айтқан деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі The Hollywood Reporter дерегіне сүйеніп.

Айгердің сөзінше хакерлер компаниядан көп ақша талап еткен, төлемеген жағдайда фильмді жариялап жібереміз деп бопсалаған. Дегенмен Walt Disney киберқылмыстыларға төлем жасаудан бас тартқан. Алайда, әңгіме нақты қай фильм туралы болып жатқанын Айгер ашып айтпаған.
12 мамырда жалпыәлемдік хакерлік шабуыл орын алды. Олар Ұлыбритания ауруханаларының серверін, Германияның алпауыт теміржол операторының,  француздық автоөндіруші ​Renault компаниясының серверлерін бүлдірген. Ресейдің ІІМ,  «МегаФон», «ВымпелКом» және МТС телекоммуникациялық компаниясы, Ресей денсаулық сақтау министрлігі,  Ресей теміржолы, Сбербанк зардап көрген.

Еуропа Одағының Полицей директоры Rob Wainwright жұма күні Әлем бойынша кибершабуылдан 150 елде 200 мың компьютердің зардап көргенін, бұлардың көбі жұмыс орнындағы, кейбірі үлкен компаниялардың компьютерлері екенін мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір