• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:58:37
Алматы
+35°

09 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Хабаровск қаласының шетінен 26 адамның шабылған қолы салынған қап табылды

Хабаровск қаласының шетінен 26 адамның шабылған қолы салынған қап табылды.

Хабаровск қаласының шетінен 26 адамның шабылған қолы салынған қап табылды, – деп хабарлайды жергілікті Qamshy.kz ақпарат агенттігі DVHab.ru басылымының дерегіне сүйеніп.

Қаптың жанынан бинттер мен бахилдер де табылған, сол себепті тергеушілер медициналық мекеме биоматериалдарды осында лақтырған деген болжам айтып отыр.

Құқық қорғау органдары анықтағандай, қолдардың бәрі шабылған. Саусақ іздері бойынша сараптама жасалды. Толығырақ ақпарат қатаң түрде құпия сақталады.

Полицейлер сол маңды зерттеп, тұрғындардан жауап алып жатыр. Жергілікті балықшылар күдік туғызатындай ештеңе байқамапты.

Кейінірек Ресейдің Тергеу комитеті осы дерекке қатысты мәлімет берді.

«Табылған биологиялық нысандардың (адам қолы) қылмысқа ешқандай қатысы жоқ, бірақ бұлай лақтырылуы заңға қайшы келеді. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір