• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:44:07
Алматы
+35°

07 Қазан, 2017 Денсаулық

Ультрадыбыстық зерттеу  дерттің алдын алады

УДЗ сол дамыған ағзалардың қалыпты жағдайдан ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан облыстық перинатальдық орталыққа Минск қаласындағы перинатальды диагностикалық орталығының жетекшісі, медицина ғылымының кандидаты, жоғары білікті дәрігер Алексей Чуканов келіп, ультра дыбыстық зерттеу бағыты бойынша өңір дәрігерлерімен  тәжірибе алмасты.

Біліктілік дәрісіне өңірдегі УДЗ-ы саласы бойынша қызмет атқарып жүрген  сала мамандары қатысты. Басқосуда ультрадыбыстық зерттеудің диагноз қоюда, жатырдағы ұрықтың күйін бақылауда кеңінен қолданылатын тексеру әдісінің түрі екендігі және ұрықтың жынысын анықтап қана қоймай, болашақ нәрестенің жатырдағы дамуынан толық ақпарат беретіндігі. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бекіткен ереже бойынша жүктілік барысында үш рет ғана УДЗ жасауға рұқсат берілген болатын. Біріншісі 10-14 аптада болса, екіншісі 20-24 аптада, үшіншісі 30-34 аптада түсіріледі.

Маманның айтуынша, алғашқы УДЗ дәрігерге жүктілік мерзімін нақты анықтауға және ұрықтың дамуында қандай да бір ауытқушылықтар бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді екен. Жатырдағы нәрестенің дамуы, жолдасының (плацента) күйі, қағанақ суын (околоплодные воды), босанғанға дейін баланың жынысы келесі зерттеулер барысында бақыланады.  20-24 аптада барлық ұрық органдары толықтай дамып, қалыптасады. Осы кезеңде жасалатын УДЗ сол дамыған ағзалардың қалыпты жағдайдан ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді. УДЗ арқылы ұрықтың бет-пішінін көріп, көзінің арақашықтығын байқап, мұрын сүйегінің ұзындығын, ерін және таңдай жырығы ауруларын көруге болады. Ми, жүрек, асқазан, өкпе, бүйрек, ішек, қуық, омыртқа қалай дамып жатқаны туралы да білуге болады. Сондықтан осы кезеңдегі УДЗ-ның маңызы жоғары. 30-34 апталық кезінде жүргізілетін үшінші УДЗ-нің негізгі мақсаты – баланың босанар алдындағы жағдайы мен жатырда қалай жатқанын анықтайды. Яғни бала басымен немесе құйрығымен келіп тұр ма, кіндік мойынға оратылып жатқан жоқ па, салмағы қандай, бұрынғы зерттеулер кезінде байқалмай қалған ақаулар жоқ па – осы сұрақтарға жауап алынады екен.

Басқосудан соң облыстағы  перинатальдық орталықтардың 25 маманы  халықаралық деңгейдегі сертификат  иеленді.

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір