• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 04:55:07
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2018 Ғылым-білім

Венгрия Қазақстан азаматтары үшін 200 грант бөлді

Қазақстандық тарап 45 грант бөледі, оның ішінде бакалавтриат бойынша 20, магистратура бойынша 20 және докторантура бойынша 5 грант бар.

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы мен Мажарстанның арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ және Қазақстан Республикасындағы Мажарстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Барани АНДРАШ қатысты.

Венгриямен ынтымақтастық 2013 жылдың 19 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның Адами ресурстар министрлігі арасындағы Келісім аясында жүзеге асырылып жатыр.

Осы Келісім аясында венгрлік тарап Қазақстан азаматтары үшін 45 грант бөледі, оның ішінде бакалавтриат бойынша 20, магистратура бойынша 20 және докторантура бойынша 5 грант бар.    

Қазақстандық тарап 45 грант бөледі, оның ішінде бакалавтриат бойынша 20, магистратура бойынша 20 және докторантура бойынша 5 грант бар.                        

Осы Келісім барысында студенттермен баламалы алмасу 2014 жылы басталды. Осылайша, Венгрия ЖОО-на 2014 жылы оқуға 40, 2015 жылы 45, 2016 жылы 47 Қазақстан азаматы жіберілген.

2016 жылы венгрлік тарап бастамасы бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын, гранттар саны 45-тен 200-ге дейін көбейтілді.

Осылайша, 2017 жылдың 27 наурызында дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығы аясында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев және Қазақстандағы Венгрия елшісі Андраш Барани 2013 жылғы 19 қарашасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның Адами ресурстар министрлігі арасындағы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойды. 

Осы Хаттамаға сәйкес венгрлік тарап 2017 жылдан бастап Қазақстан азаматтары үшін 200 грант бөледі, оның ішінде бакалавриат бойынша 90, магистратура бойынша 90 және докторантура бойынша 20 грант бар.    

Қазақстандық тарап 45 грант бөледі, оның ішінде бакалавтриат бойынша 20, магистратура бойынша 20 және докторантура бойынша 5 грант бар.                        

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір