• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 20:44:18
Алматы
+35°

08 Қыркүйек, 2017 NEWS

Ұйғыр ауданының атышулы әкімі қызметінен кетті

Тохтасуновтың әдебі жөніндегі мәселе әдеп кеңесінің қарауына жетпей, оның өз еркімен жұмыстан кету туралы арызы қанағаттандырылған

Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Тохтасунов жұмыстан кетті. Бүгін оның орнына жаңа әкім болып Шухрат Нурахунов тағайындалды. Ол бұған дейін Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп. 

Аудан активінің кездесуінде Алматы облысы әкімі міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов ауданға жаңа әкім Шухрат Нурахуновты таныстырды. Жиын барысында аталғандай, оның кандидатурасы жақында өткен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында көпшілік депутаттың қолдауына ие болған. Облыс әкімі міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов аудан активіне жаңа әкімді таныстыра келе, бұған дейін аудан әкімі қызметін атқарған Алимжан Тохтасуновқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Шухрат Нурханов кандидатурасын қолдап, сенім білдіргендерге алғысын жеткізіп, алдағы уақытта өзіне артылған барлық міндеттерді абыроймен атқаратындығын атап өтті.

Ал Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы Сымбат Исрапулованың айтуынша, Тохтасуновтың әдебі жөніндегі мәселе әдеп кеңесінің қарауына жетпей, оның өз еркімен жұмыстан кету туралы арызы қанағаттандырылған. 

Айта кетсек, Алимжан Тохтасунов  бірнеше мәрте қоластындағы қызметкерлерді «жұмыстан қуамын» деп, аузына келгенін айтқаны жайында жазылған болатын. 

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір