Үй болу оңай ма?

Үй болу оңай ма?
Ⓒjuresovet.ru

Ән-күй музыка сайты

Әрбір мемлекетті адам құрайды, яғни адам сол қоғамның ең баға жетпес байлығы, өйткені байлықтың барлығы және мемлекеттің қауіпсіздігі, керек десеңіз тәуелсіздігіміздің баянды болуы  осы адамның қолымен жасалады – бұл аксиома. Сондай-ақ, адамның басты мақсаты – өмірге ұрпақ әкеліп, оны өсіріп-жеткізіп, тәрбиелеу екені баршаға бесенеден белгілі. Ал сол адамды дүниеге әкеліп, бағып-өсіріп, тәрбиелейтін жанұя (семья) мемлекеттің тірегі екені тағы анық.

Қазақ елінде, бізге жат европалық мәдениет келмес бұрын – ата-анасымен сиыспау, ажырасу, жалғыз басты әйел, кәрі қыз, сұр бойдақ деген  ұғымдар атымен болған емес. Бұл кеселдер сол отаршылдықпен келген нәубет.

Статистикаға жүгінсек, біз ажырасу бойынша АҚШ, Ресейден кейінгі үшінші орындамыз. Аталған елдердің халқы сәйкесінше 325 және 146 миллион, ал Казақстанның тұрғындары 18 миллион ғана екенін  ескерсек, бұл мәселенің бізде қаншалықты асқынғанын байқау қиын емес.

БАҚ-тың мәлімдеуінше, 2017 жылы алты айдың ішінде Казақстанда 59 мың адам отбасын құрса, олардың 26 мыңы ажырасқан, сөйтіп біздің елде әрбір жанұяның үшіншісі ажыраған. Сондай-ақ, қазіргі кезде жастардың отбасын құруды кейінге қалдыруы белең алып барады, егер қыздар 25-30 жаста тұрмысқа шықса, ерлер 30-40 жастың аралығында үйленуді әдетке айналдырған, өкінішке орай бүгінгі таңда елімізде бойдақтардың саны 3 миллионнан астам. Яғни, ол дүниеге ұрпақ (адам) әкелу деген басты мақсаттың орнына көлік, үй алу деген елес жоспарлармен және махаббат деген бұлыңғыр, алдамшы сезіммен алмастыру.

Тарихка үңілетін болсақ, махаббат деген совет үкіметінің сайқал туындысы, олай дейтініміз коммунистер ұлттық салт-дәстүрімізден, мәдениетімізден айырып, халқымызды аздыру үшін «махаббат» деген идеалогиялық құралды кеңінен қолданды. Естеріңізде болса, сол замандағы ақын, жазушылардың барлығы совет үкіметінің тапсырысы бойынша сол «махаббаты» жарыса жырлады, тіпті мектепте совет әдебиеті пәнінен оны оқытты.

Ал енді сол ажырасқан жұптардың уәжі ол мені түсінбейді, сүймейді дегенге саяды. Кезінде оларды үйленуге ешкім мәжбүрлеген жоқ, өз еріктерімен бір-бірін «сүйіп» қосылғандар емес пе?! Сонда әлгі атышулы махаббаттары қайда?  Өмірдің азғантай сынағына шыдамаған ол қандай махаббат?  Себебі екі жас бір-бірінің мінез-құлқын білмей, тәрбиелеріне терең үңілмей, ата-анасын да зерделемей көрсеқызарлықпен құмарлықты терең сезіммен шатастырып, «маған ұнайды» деген шалалық уәжбен үйлене салады. Дана бабамыз «адамның аласы ішінде» деп бекер айтпаған, өйткені пенде әрқашан кемшілігін жасырады. Әрине мұның арты ажырасуға әкеліп соғады, ол өз кезегінде дүниеге жетімді әкеледі, ал ол бейбақтың болашағы – тәрбиесіз, сотқар, бақытсыз адам.

Махаббат – ол мол өмір тәжірибесімен, үлкен тәрбиемен, біліммен келетін және әркімге қона салмайтын, тек қана таңдаулыларға тән терең сезім. Махаббат – табиғаттың сиы. Ол ерке-тотай балаға оның көрсеқызарлығын қанағаттандыру үшін алып бере салатын ойыншық емес. Міне, сол ажырасқандардың басты қателегі құмарлықты махаббатпен шатастыруында. «Бәрі жақсы көрінер алғашқыда» деген ұлы кеменгеріміздің дана сөзіне шалағай жастарымыздың мән бермеуінде.

Қазіргі заманда, өкінішке орай отбасын құру мәселесіне халқымыз өте жеңіл-желпі қарайды. Болашақ жұбайлар бір-бірін толық танымай, ата-аналарын жақсы білмей жатып, жылтыраған бетін құмартып үйлене салады, міне оның салдары ажыратуға әкеліп соғады. Соңғы кезде бойжеткенді тұрмысқа әзірлеу жөніндегі шеше тәрбиесі де жоғалып барады. Ата-бабамыз отбасын құру мәселесіне асқан жауапкершілікпен қараған, сондықтан қазақтың «Үйлену оңай – үй болу қиын» деген дана сөзінің төркіні осыны аңғартса керек.

Ұлтымыздың жанұя құру мәселесіне байланысты үлкен салт-дәстүрі, мәдениеті болған, олар: Қыз таңдау, айттыру, атастыру, құда түсу, үйлену дәстүрі.

Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырған, өзінің теңін іздеген. «Анасын көріп қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстаған. Яғни, болашақ құдасын орынды жерден, текті кісілерден, аталы, іргелі ауылдан қараған. Алдымен, «Қыз таңдау» дәстүрі жүзеге асады. Бозбала көңілі ұнатқан қыз баласын толықтай өз зердесінен өткізіп, таңдап алады. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар  оның  әке-шешесіне сездіреді. Осылай «Қыз таңдау» салты   «Қыз айттыру» дәстүріне  жалғасады.

Бір-бірінің отбасын жақсы танитын, көп жылдар қоян-қолтық араласқан жора-жолдас ата-ана лайықты деген адамдарына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «қыз айттыру» дейді.  Кейде бірін-бірі жақсы білетін, өте сыйлы, дос кісілер балалары жас кезінде-ақ, тіпті анасының ішінде жатқан кезінде де келіп оларды бір-біріне қосу туралы сөз байласады, мұны «атастыру» дейді.

Балаларына ес кіріп, саналы болған кезінде қыз баланы болашақ ата-енесінің қолына берген, онда болашақ жұбайлар кәмелетке толғанша аға қарындастай болып бір үйде тұрған бұл олардың бір-бірінің мінезіне жақын бейімделуіне және бауырмал болып өсуіне ықпал еткен. Бұл болашақ жұбайлардың арасында ұрыс-керістің болмауының кепілі.

Әр қазақтың отбасында бойжеткенді шешесі түрмысқа әзірлейді. «Шешесін көріп қызын ал» деген халық даналығы соның бір айғағы. Қазақ әйелдері қыздарын ибалылыққа, төзімділікке, ер азаматты құрметтеуге тәрбиелеген, егер ері дөрекі мінез көрсетсе оны асқындырмай ақылмен шеше білген, осының салдарынан қазақтың отбасы шайқалмаған, берік болған, міне сондықтан біздің ата-бабамыз осындай кең байтақ жерге ие болып қалған.

Қыз айттырылғаннан кейін жігіттің туған-туысқандары құдалыққа қыз ауылына барады. Егер күйеу бала қызға ұнаса және қыздың ата-анасы қарсы болмаса екі жақ құда болуға сөз байласады. Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады. Қыз ұзату тойынан кейін, қыздың туған-туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Бұл дәстүр үйлену тойы «Есік-төр көрсету» деп аталады.

Ұлтымыздың салт-дәстүрі бойынша қыздың әке-шешесіне жігіт жағы өздерінің шама-шарқында сыйлық береді, оны «қалың мал» дейді. Қыз жағы өз кезегінде құдаларға киіт кигізіп, сый-құрмет жасап, қыздың жасауын береді.

Бұл коммунистердің ұлтымызды жою үшін жасаған идеологиялық шатпағына сәйкес, ешқандай қызды сату немесе сатып алу емес, екі жақтың туысқандық қатынастарын одан әрі жақындастыру мақсатында және түптеп келгенде, жас жұбайлардың берік отбасын құру үшін жасалатын ұлттық салт-дәстүрлер. Қазақта «күйеу жүз жылдық, ал құда мың жылдық» деп бекер айтылмаса керек.

Көкжал

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    ...Әр Қазақ оқитын,..Ұрпақ тәрбиесінде басшылыққа алатын нәрсе,..

    1
    Халық банк банкоматтағы қытай тіліне қатысты сауалдарға жауап берді
    22/06 18:59 0 202
    2
    Көкжайлау шатқалының 100 га жері мемлекетке қайтарылады
    22/06 18:00 0 156
    3
    СІМ Иранда жүрген Қанат Бейсекеевтің жағдайына қатысты пікір білдірді
    22/06 17:54 0 144
    Журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ — Ерлан Сағадиев
    22/06 17:53 0 277
    Сенат төрағасы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатына байланысты сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед пікір білдірді
    22/06 17:46 6 1064

    Таныстырылғандар

    Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуінен видео жарияланды
    Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуінен видео жарияланды
    Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуінен видео жарияланды
    «Біз бұл жерге аяққа тұсау болған бұрынғы кедергілердің бәрін артқа тастап келдік», - деді Солтүстік Кореяның басшысы.
    12/06/2018 11:04 0 990
    Мен бала кезімде Қадір түнінің сәулесін көргенмін...
    Мен бала кезімде Қадір түнінің сәулесін көргенмін...
    Мен бала кезімде Қадір түнінің сәулесін көргенмін...
    Бөлменің іші адам бетіндегі кішкентай мең де көрінетіндей жап-жарық болып кетті! «Мәссаған, бұл не?», – деп орнымнан ұшып түрегелдім.
    12/06/2018 12:36 1 1808
    Қырғызстандағы дүрбелең: Менингит көрші елдерге ене бастады
    Қырғызстандағы дүрбелең: Менингит көрші елдерге ене бастады
    Қырғызстандағы дүрбелең: Менингит көрші елдерге ене бастады
    Қырғызстандықтар Қазақстаннан менингококк инфекциясы келгені жайлы хабарламалар алып жатыр.
    12/06/2018 16:39 0 1471
    Өзбекстан билігі президентке мадақтау одаларын арнауға тыйым салды
    Өзбекстан билігі президентке мадақтау одаларын арнауға тыйым салды
    Өзбекстан билігі президентке мадақтау одаларын арнауға тыйым салды
    «Өзбекконцерт» директоры Азамат Хайдаров айтуынша, мемлекет басшыларына клип түсіру немесе өлең арнау этикаға жатпайды.
    13/06/2018 10:33 0 2734
    Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: Ораза айт құтты-берекелі болсын!
    Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: Ораза айт құтты-берекелі болсын!
    Бас мүфти Серікбай қажы Ораз: Ораза айт құтты-берекелі болсын!
    Алланың сыйы - Тәуелсіздігіміз баянды болғай!
    15/06/2018 07:36 0 1784
    Мешіттерде ұрлық көбейді
    Мешіттерде ұрлық көбейді
    Мешіттерде ұрлық көбейді
    Рамазан айы басталғаннан бері 20 жұп аяқ-киім, кемінде бес велосипед жоғалған.
    15/06/2018 10:02 0 490
    Египетте қазақ тілін оқытатын болады
    Египетте қазақ тілін оқытатын болады
    Египетте қазақ тілін оқытатын болады
    Іргесі 1908 жылы құрылған Каир университеті Таяу Шығыстағы ең ірі «Әл-Азхар» университетінен кейін екінші орында.
    15/06/2018 17:34 0 1545
    Трамп желіні шулатқан суретке қатысты пікір білдірді (фото)
    Трамп желіні шулатқан суретке қатысты пікір білдірді (фото)
    Трамп желіні шулатқан суретке қатысты пікір білдірді (фото)
    Әлем бойынша қызу талқыланған суретте үстелде отырған Трампқа Германия канцлері Ангела Меркель тесіле қарап тұр.
    16/06/2018 09:59 0 1723
    Стивен Хокингті Дарвин мен Ньютонның қасына жерледі
    Стивен Хокингті Дарвин мен Ньютонның қасына жерледі
    Стивен Хокингті Дарвин мен Ньютонның қасына жерледі
    Лондонда белгілі физик ғалым Стивен Хокингтің сүйегінің күлін жерлеу рәсімі өтті
    16/06/2018 10:30 0 1117
    Анджелина Джоли Ирактағы сириялық босқындардың лагеріне барды
    Анджелина Джоли Ирактағы сириялық босқындардың лагеріне барды
    Анджелина Джоли Ирактағы сириялық босқындардың лагеріне барды
    Джоли 2001 жылдан бері БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасында жұмыс істейді. Ол осыған дейін Ирак, Камбоджа және Кения елдеріне барған.
    18/06/2018 16:09 0 636
    Дәурен Абаев: Қытайлардың Қазақстанға ағылып жатқаны – миф
    Дәурен Абаев: Қытайлардың Қазақстанға ағылып жатқаны – миф
    Дәурен Абаев: Қытайлардың Қазақстанға ағылып жатқаны – миф
    Ақпарат және коммуникация министрі дәурен Абаев «Ашық әңгіме» бағдарламасында Қазақстандағы синофобия жайлы өз пікірін айтты.
    19/06/2018 11:49 0 1663
    Аутизм сырқаты — сенің де мәселең
    Аутизм сырқаты — сенің де мәселең
    Аутизм сырқаты — сенің де мәселең
    Айналаңызға қараңызшы. Жеткізе назар салыңыз. 10 секунд ойланыңыз...
    20/06/2018 12:19 5 436
    Соңғы бес жылда Қазақстанда 50 жетімдер үйі жабылған
    Соңғы бес жылда Қазақстанда 50 жетімдер үйі жабылған
    Соңғы бес жылда Қазақстанда 50 жетімдер үйі жабылған
    Мұндай мекемелердің қысқару себебі – ата-аналарының қамқорлығынсыз қалып, интернаттарға жіберілген балалар санының азаюы болып отыр.
    21/06/2018 12:03 0 544
    Туризм үшін ең қауіпті мемлекеттер аталды
    Туризм үшін ең қауіпті мемлекеттер аталды
    Туризм үшін ең қауіпті мемлекеттер аталды
    2017 жылы аталмыш елге байланысты сақтандыру компанияларына шағым көп түскен.
    22/06/2018 10:28 0 993
    Түрмедегі Сайрагүл Сауытбай Елбасыға хат жазды: Отбасыммен қауышқым келеді
    Түрмедегі Сайрагүл Сауытбай Елбасыға хат жазды: Отбасыммен қауышқым келеді
    Түрмедегі Сайрагүл Сауытбай Елбасыға хат жазды: Отбасыммен қауышқым келеді
    Сайрагүлдің хатын журналист Сәуле Әбединова Facebook-тегі парақшасында жариялады.
    22/06/2018 15:37 0 775