• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:37:23
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2018 NEWS

48 жастағы Амантай Үсенов Ақтөбеде 11 жастағы баланы қағып кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі diapazon.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға сағат 12.55-те, 2018 жылы 31 қаңтарда болды.

Жүргізуші Берсиев пен Некрасов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолында баланы қағып кеткен. Бірнеше сағаттан кейін бала көз жұмды.

ЗиЛ ауыр жүк көлігінің жүргізушісі сотта өз кінәсін мойындады. Ол уақытта Заречный ауылына сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жүргенін айтты. "Автосервис"  аялдамасына жеткенде жылдамдықты түсірген, жаяу жүргіншілерге арналған жолға үш метр қалғанда баланы байқаған. 11 жастағы бала жан жағына қарамай, жолдан жүгіріп өткенін айтады. Жүргізушінің айтуынша, ол ешқандай әрекет етіп үлгермеген.  

Көліктен түсіп, зардап шеккен балаға жүгіріп барған. Ол жолда естүссіз жатқан. Жедел жәрдемді күтпей, бала жеңіл көлікпен ауруханаға жеткізілді.

Сот жүргізушіні кінәлі деп тауып 2 жылға шартты түрде соттады және көлік жүргізуге тыйым салды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір