• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:17:44
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Ғылым-білім

Ұлттық терминология мәселелері жайында ғылыми-теориялық конференция өтеді

Конференцияның мақсаты – терминдер мен термин сөздерді жетілдіру, толықтыру және  біріздендіру.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси  жұмыс комитетінің  мемлекеттік тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Астанада  2018 жылдың 18 мамырында «Терминжасам қағидаттары және ұлттық терминология мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты – қазіргі   жаһандық  ғылыми-техникалық  даму  үдерістерінде ғылым, білім, техника мен экономика, қоғамдық-әлеуметтік салаларындағы  терминдер мен термин сөздерді жетілдіру, толықтыру және  біріздендіру мақсатында теориялық және практикалық  ізденістерді  сараптау және талқылау.

Конференцияда қазіргі ұлттық терминологияның  жай-күйі және келешегі, терминжасам  қағидалары мен  ұлттық терминология міндеттері, қазақ тілін  латын графикасына көшіруге байланысты туындайтын  терминологиялық  міндеттер, терминжасам  құрылымын дамыту, терминді бекіту, біріздендіру және стандарттауды  іске асырудың мемлекеттік тетіктерін дамыту, ұлттық терминқордың электрондық базасын жасаудың ғылыми-тәжірибелік негіздері бағытында сөз қозғалады.

Жиында ұлттық терминологиядағы мәселелер жөнінде  ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ф.ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлы, Назарбаев Университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сарқыт Әлісжан және т.б. терминолог-ғалымдар баяндама жасайды.

Ғылыми-теориялық конференцияға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшелері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері,  терминолог-ғалымдар, докторанттар мен магистрлер,  орталық және жергілікті атқарушы  мемлекеттік органдардың  қызметкерлері, ұлттық компаниялардың өкілдері,   сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым, БАҚ өкілдері  қатысады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір