• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:10:39
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2018 Ғылым-білім

Ұлт тағдыры

Әлемдегі ұлттар үш ниетке бейімделіп болды: шалқар ұлттар қайнар қамымен, дәстүр ұлттар заман қамымен, шекті ұлттар жанбағыс қамымен жасайды.

Әлемдегі ұлттар үш ниетке бейімделіп болды: шалқар ұлттар қайнар қамымен, дәстүр ұлттар заман қамымен, шекті ұлттар жанбағыс қамымен жасайды.

Атазаман ұлттар ара қақтығысу өздерін әйгілеу үшін болған. Қандай да ұлт соғысқа ұмтылыс жасамаса, өз ырықтылығынан айырылатын немесе ұлттық әкімияты аяқтайтын. Ал қазір мемлекет айқындалып, бір біріне үлгі болуға ұмтылыс жасауда. Қақтығысу шапағат шығысуға айналды. Өркениет бірлікті халқараландырып әлем тыныштығын сақтауға өрледі. Сондықтан әрқандай ұлт үлгі бірлігімен құлшынса, бүгін дүниеге хош көрінеді. Шартарапты алуандүр сәйкесуге қызықтырады. Мұнда ұлт өркениетімен баурау төтенше абыройлы. Алайда, үлгі боларлық ұлттық бірлік көрсете алмаса ешкім де менсінбейді. Қайта кім көрінген кетік-тетігін аңдып, жан дүниесін мұрындықтайды. Бірте-бірте өз нәрсесіне өзі ие болуға мүмкіндік те қалдырмайды. Өйткені, серке ұлттар жай ұлттарды тек олжа, қайнар ретінде ғана қабылдайды.

Иә, аяқ астынан қазақтың байы жүдеп, кедейі жуарған, ұлт жандысы тұтығып, орысниеттісі сайраған, соның салдарынан 70 жыл бірін бірі ренжітіп жүріп өзара көңілдерін суытып алған. Аттан десе түгел аттанатын халық , аяғы біріне бірі тыңдап ермейтін рухы тозған халыққа айналған, бірақ бұл мәміле бап сияқтанғанымен шын мәнінде атүсті сілтеме, өмір болмысниетін шынайы түсінбейтіндердің тұйықділ көзқарасы ғана, себебі сол дәуірде мемлекет мүддесі орыс мүддесімен сабақтас еді, қоғам орысты мойындамайтын дарындыларға есе бермей, жақтайтын ақымақтарды қолдап тұрған. Әрине, атаққа ұмтылмайтын қу тумайтындықтан, өмірде аса көңілшек пен нағыз шыншыл мандымайды; халық қалауын білетін ақылды жомарт пен дарынды әділ ғана дүниені өзгерте алады. Білсек данышпан Абай елі тыңдамаған себебін ұқпай, ақ далаға уағында келген сауат орайын жіберіп қойған. Тағдыр оны аға сұлтан шаңырағына жайша бұйырмаған болса керек, бүгінгі Нұрсұлтанды арнағандай. Әккі қоғам қысып турғанда да «16 желтоқсан» тәуелсіздікке негіз болды ғой. Демек, қазақ қашан да ұлы таудың еркек қас өзені іспетті, бөгесе дүлей тасқында қадірін білсе жақынға рухани сусын!

Ұлттық рух  ұлтқа деген азаматтық діл (жүрек). Ал қазақи үлгі  дара жандардың дарыны және қара халықтың хошы арқылы қалыптасқан. Ендеше, өзін соншалық танытуға өз азаматын сұлтан, өзге азаматын ұлтан санататын ұлттық мүдде себеп болған. Өйткені, ұлт мүддесі  рухтың жаны, бірліктің жүзі, тағдырдың туы!

Әділ Санатбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір