Үкіметте Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы жөніндегі Жол картасы қабылданды

Үкіметте Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы жөніндегі Жол картасы қабылданды
Ⓒinform.kz

Ән-күй музыка сайты

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында президенттің 5 әлеуметтік бастамасын іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасы қаралып, қабылданды. Құжатпен ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды.

Жол картасы мүдделі мемлекеттік органдармен және Ұлттық банкпен бірлесіп әзірленген. Құжат 35 шарадан тұрады және жеті заң жобасын, аты Үкімет қаулысының жобасын және үш Ұлттық банк Басқармасы қаулысының жобасын әзірлеуді, сондай-ақ министрлердің екі бұйрығы мен әкімдіктердің төрт қаулысын қабылдауды қарастырады.

ҚР Ұлттық банкі — «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бағытының басты орындаушысы. Ұлттық банк өткен жылдардың ең сәтті тәжірибесін пайдаланып, Мемлекет басшысы анықтаған: жылдық 7%, 25 жылға, бастапқы жарнасы 20% жағдайында «7 – 20 – 25» бағдарламасын іске қосуды көздеп отыр.

Бағдарламаны іске асыруға дайындық кезеңдері анықталды. Жақын арада Ұлттық банк басқармасы Бағдарлама операторы — толықтай еншілес арнайы компания құру мәселесін қарастырады. Ұлттық Банк Үкіметке наурызда қажетті заңнамалық түзетулерді енгізеді.

Бағдарламаға ресми табысы бар Қазақстан азаматы қатыса алады. Қазіргі уақытта банктер критерийлерді әзірлеп жатыр. Мәселен, егер тұрғын үй құны 7 млн теңге болса, онда ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды, бұл қазақстандық қызметкерлердің көпшілігі үшін қолайлы. Ірі қалалар мен аудандардағы тұрғын үй құнының саралануы жоққа шығарылмайды, себебі тұрғын үй құны әртүрлі болады.

ҚР ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша алғашқы тұрғын үй несиесін шамамен осы жылдың тамыз айында беру жоспарланып отыр.

«Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» екінші бағытының басты орындаушысы — Ұлттық экономика министрлігі. Осы бағытта салық заңнамасының нормаларын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланған.

Білім және ғылым министрлігі «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші бағытының негізгі орындаушысы. Аталған бағыт аясында техникалық мамандықтарға екпін бере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырыстарын ұлғайту көзделген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидасындағы жатақханалар құрылысы бойынша тетіктерді анықтау мен заңнамалық түзетулерді әзірлеу жоспарлануда.

«Шағын несие беруді көбейту» атты төртінші бағытқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауапты. Аталған бағыт желісі бойынша 2017–2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына түзетулер енгізу жоспарда бар. Өзгерістер қалалардағы және ауылдық жерлердегі шағын несие беруді қаржыландыруды ұлғайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.

«Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бесінші бағытының басты орындаушысы — Энергетика министрлігі. Аталған бағыт «Сарыарқа» магистральді газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысына арналып отыр. Жобаның схемасы мен қаржыландырудың шарты белгіленетін болады. ЕҚДБ, ЕАДБ және басқа да халықаралық қаржы ұйымдары арқылы қаржы тарту жоспарлануда. Жобаны биыл шілде айында бастау жоспарланған. Газ құбырының құрылысын 2019 жылғы желтоқсанда аяқтау көзделген.

Сонымен қатар Ұлттық банк Төрағасы Д. Ақышев, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, энергетика министрі Қ. Бозымбаев Президенттің Бес бастамасын іске асыру бойынша Жол картасының жоспарланған іс-шаралары туралы баяндады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев талқылау қорытындысы бойынша, наурыз айының соңына дейін ҚР Парламентіне ұсыну үшін барлық қажетті заңнамалық өзгерістерді әзірлеуді тапсырды.

Еске сала кетейік, 5 наурызда Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастаманы жариялады. 6 наурызда өткен ҚР Үкіметінің отырысында Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен және Ұлттық банкпен бірлесіп, Елбасының бастамаларын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    Шағын және орта кәсіпкерлігі өркендеген елдің болашағы жарқын.

    • 3 ай бұрын

      Иәә сізбен толықтай келісемін

  • 3 ай бұрын

    Мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланайық

    • 3 ай бұрын

      Нарықтық заманда как раз керек нәрсе!

      1
      Халық банк банкоматтағы қытай тіліне қатысты сауалдарға жауап берді
      22/06 18:59 0 203
      2
      Көкжайлау шатқалының 100 га жері мемлекетке қайтарылады
      22/06 18:00 0 156
      3
      СІМ Иранда жүрген Қанат Бейсекеевтің жағдайына қатысты пікір білдірді
      22/06 17:54 0 144
      Журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ — Ерлан Сағадиев
      22/06 17:53 0 278
      Сенат төрағасы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатына байланысты сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед пікір білдірді
      22/06 17:46 6 1064

      Таныстырылғандар

      Мәулен Әшімбаев: кітапханалар тек кітап оқитын орын болмауы тиіс
      Мәулен Әшімбаев: кітапханалар тек кітап оқитын орын болмауы тиіс
      Мәулен Әшімбаев: кітапханалар тек кітап оқитын орын болмауы тиіс
      Партия төрағасының бірінші орынбасары кітапханаға келді.
      09/06/2018 17:36 1 1360
      Қытай Иран келісімі аясында Ресеймен бірлесуге дайын
      Қытай Иран келісімі аясында Ресеймен бірлесуге дайын
      Қытай Иран келісімі аясында Ресеймен бірлесуге дайын
      Қытай төрағасы Ши жин пиң АҚШ-тың Иран ядролық келісімінен шығып кеткеніне өкінішін білдірді.
      10/06/2018 12:30 0 719
      ШЫҰ саммитінде Жібек жолы ғылым академиясын құру жөнінде құжатқа қойылды
      ШЫҰ саммитінде Жібек жолы ғылым академиясын құру жөнінде құжатқа қойылды
      ШЫҰ саммитінде Жібек жолы ғылым академиясын құру жөнінде құжатқа қойылды
      Қазақстан Президенті Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астанадағы келіссөздер процесі осы елде бейбітшілікке қол жеткізудің тиімді тетігі екенін атады.
      10/06/2018 16:18 0 415
      Елбасы Қытайға сапарын қорытындылап, журналистермен брифинг өткізді
      Елбасы Қытайға сапарын қорытындылап, журналистермен брифинг өткізді
      Елбасы Қытайға сапарын қорытындылап, журналистермен брифинг өткізді
      Брифинг барысында Елбасы сапардың маңызы мен ондағы талқыланған мәселелерге тоқталып өтті.
      10/06/2018 17:39 5 6072
      Елбасы Үндістан премьер-министрін елдерінің ШЫҰ-ға мүше болуымен құттықтады
      Елбасы Үндістан премьер-министрін елдерінің ШЫҰ-ға мүше болуымен құттықтады
      Елбасы Үндістан премьер-министрін елдерінің ШЫҰ-ға мүше болуымен құттықтады
      Кездесу соңында Нарендра Моди Қазақстанның Үндістан үшін Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктестерінің бірі саналатынына тоқталып өтті.
      10/06/2018 18:01 0 257
      Назарбаев ұлттық валютамен сауда жасаудың тиімділігін атады
      Назарбаев ұлттық валютамен сауда жасаудың тиімділігін атады
      Назарбаев ұлттық валютамен сауда жасаудың тиімділігін атады
      Брифинг барысында екі ел арасындағы байланыс пен саммитте қозғалған мәселелер талқыланды.
      10/06/2018 18:17 0 426
      Моңғолия президенті Назарбаевқа жаңа қала салу туралы жоспарын айтты
      Моңғолия президенті Назарбаевқа жаңа қала салу туралы жоспарын айтты
      Моңғолия президенті Назарбаевқа жаңа қала салу туралы жоспарын айтты
      Соңында Мемлекет басшысы, ең алдымен, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажеттігіне тоқталды
      11/06/2018 09:52 0 2106
      Алматы Халықаралық әуежайының президенті отставкаға кетті
      Алматы Халықаралық әуежайының президенті отставкаға кетті
      Алматы Халықаралық әуежайының президенті отставкаға кетті
      Айбол Бекмұхамбетов Алматы қаласының Халықаралық әуежайын 2009 жылдан бері басқарып келді.
      12/06/2018 11:35 0 438
      Алматы Халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды
      Алматы Халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды
      Алматы Халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды
      Болат Ержанов 1966 жылы 9 желтоқсанда Павлодар облысында дүниеге келген. Омск азаматтық авиация училищесінің түлегі.
      12/06/2018 11:54 0 530
      Бақытжан Сағынтаев шенеуніктерді сынға алды
      Бақытжан Сағынтаев шенеуніктерді сынға алды
      Бақытжан Сағынтаев шенеуніктерді сынға алды
      Республикалық нысандардың құрылысына 275,5 миллиард теңге бөлінген. Жыл басынан бері қаражаттың тек 15 пайызы, яғни 42,2 миллиард теңге ғана игерілген.
      12/06/2018 12:40 0 542
      Бүгін Мәскеу соты Жомарт Ертаевтың ісін қарайды
      Бүгін Мәскеу соты Жомарт Ертаевтың ісін қарайды
      Бүгін Мәскеу соты Жомарт Ертаевтың ісін қарайды
      Ертаев жасаған қылмысы үшін он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
      13/06/2018 10:38 0 355
      Нұртай Әбіқаев жаңа қызметке келді
      Нұртай Әбіқаев жаңа қызметке келді
      Нұртай Әбіқаев жаңа қызметке келді
      Нұртай Әбіқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған.
      13/06/2018 14:10 0 6397
      Қазақстанда шенеуніктердің саны қысқарады
      Қазақстанда шенеуніктердің саны қысқарады
      Қазақстанда шенеуніктердің саны қысқарады
      Бірер ай бұрын кәсіпкерлікті реттеу туралы заңнамаға Елбасы қол қойған.
      13/06/2018 14:36 0 1424
      СІМ жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
      СІМ жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
      СІМ жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
      Сыртқы саясат ведомствосы бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық үшін ашық болып қала береді.
      15/06/2018 15:57 0 306
      Елбасыға Қазан федералдық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді
      Елбасыға Қазан федералдық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді
      Елбасыға Қазан федералдық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді
      Қазақстан Президенті Татарстан Республикасымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде айтты.
      15/06/2018 16:54 5 748