• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:30:48
Алматы
+35°

02 Шілде, 2018 NEWS

ҰЭМ кәсіпкерлікті реттеуді жетілдіру саласындағы жаңашылдықтарды түсіндірді

Астанада «Мемлекет пен бизнестің серіктестігі экономиканы жаңғыртудың негізі ретінде» тақырыбы бойынша Форум өткізілді

Астанада «Мемлекет пен бизнестің серіктестігі экономиканы жаңғыртудың негізі ретінде» тақырыбы бойынша Форум өткізілді.

Форумның мақсаты - билік органдары мен бизнестің арасындағы серіктестік өзара қатынастарды құру, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдірудің: бизнесті қайта реттеудің өзекті мәселелерін талқылау. Келісілген және дәйекті жұмыстың арқасында бүгінгі күні отандық кәсіпкерлерге жүктемені азайту бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

Сындарлы пікірталас құру үшін Форумның жұмысына ҚР Парламенті, Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Форум Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың сөзімен басталды, ол ағымдағы жылдың 24 мамырында Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселесі туралы Заңға көпшілік алдында қол қойғанын атап өтті. Ол 14 кодекске және 109 заңға 1000-ға жуық түзетулер енгізуді көздейді. Заң бизнес шығындарын қайта реттеу және азайту, әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлікті дамытуға ынталандыру жөнінде жүргізілген саясатты ескере отырып әзірленді. Қабылданған шаралардың негізгі мақсаты мемлекеттік биліктің векторын ауыстыру болып табылады. Яғни, билік өкілеттігі саясатынан серіктестік пен ынтымақтастық саясатына көшу. Осылайша, Заңның негізгі бағыты мемлекеттік қызметшінің бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырудағы менталдығын өзгертуге бағытталған алдын-ала бақылауды енгізу болып табылады. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов атап өткендей, қазір тексерулер жүргізу саясаты «анықтау және жазалау» үшін құрылған, осымен бірге тексерушінің қызметі дәл осы анықталған бұзушылықтар мен жазалаулар саны жағынан бағаланды. Өз кезегінде, дәл осы «алдын-ала бақылау» институты «анықтау және түзету» саясатына бағытталған, бұл бизнес пен мемлекеттің серіктестік қарым-қатынасын құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, министр Сүлейменов атап өткендей, алдын-ала бақылау институты қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшінің менталдығын өзгертудегі алғашқы қадам болып табылады.  

«Атамекен» Ұлттық палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Жүрсінов Рустам Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Үкіметінің кәсіпкерлік секторда жүргізген реформаларының толық құқылы қатысушысы болып табылатынын атап көрсете отырып, жүргізілген реформалардың бизнеске әсеріне өз бағасын берді. Сонымен қатар, дәл осы бизнес пен мемлекеттік билік арасындағы әріптестік қарым-қатынастардың құрылуы біздің елімізде бәсекеге қабілетті және экономикалық тиімді кәсіпкерліктің негізін жасауға мүмкіндік беретінін де атап өтті. 

Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Төрағасының орынбасары Саттар Абу-Али, өз сөзінде ТСОБТ жобасы арқылы жүзеге асырылатын, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметінде адамдық факторды болдырмауға және ақпараттық жүйелердің рөлін арттыруға назар аударды. Жобаның негізгі мақсаты - мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығы, заңсыз тексерулердің жолын кесу және олардың санын азайту.

Форумға қатынасушы қатысушылардың бизнес мүдделерін қозғайтын       соңғы заңнамалық өзгерістер туралы ең маңызды ақпараттар алып қойып қана емес, сонымен қатар спикерлердің әрқайсысына өз сұрақтарын қою мүмкіндіктері де болды.

Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті өкілі Болат Әбілқасымұлы Палымбетов қатысушыларға бизнес-омбудсменнің орындайтын негізгі функциялары туралы түсіндірді, оның ішінде бастысы мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз қудалауға жол бермеу болып табылады, сондай-ақ тұтастай кәсіпкерлікті дамытудағы Үкіметтің оң бағытын атап өтті.

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Асанұлы Бейсенбаев, форумның соңында мемлекет пен бизнестің қалыптасқан серіктестік тәжірибесіне өз түйіндемесін берді. Депутат ынтымақтастық мемлекет тарапынан да, дәл солай бизнес тарапынан да өзара тиімді және өзара толықтырушы қатынастарға негізделуі тиіс екендігін атап өтті. Бүгінгі күні мемлекет бизнес үшін айтарлықтай жағдайлар жасады, бірақ бизнес те өз кезегінде, елдің экономикалық дамуына өзінің шамадан тыс үлесін қосуы керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір