• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:53:22
Алматы
+35°

22 Маусым, 2018 Әлеумет

Түрмедегі Сайрагүл Сауытбай Елбасыға хат жазды: Отбасыммен қауышқым келеді

Сайрагүлдің хатын журналист Сәуле Әбединова Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен бүгінде Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторында отырған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды. Сайрагүлдің хатын журналист Сәуле Әбединова Facebook-тегі парақшасында жариялады. Төте жазумен жазылған хаттың қазақшаға аударылған нұсқасы төмендегідей:

Қазақстан Республикасының Президенті 
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа 
Талдықорған қаласы 
ЛА 155116 мекемесіндегі қамаудағы САУЫТБАЙ САЙРАГҮЛДЕН

ӨТІНІШ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ НҰРСҰЛТАН ƏБІШҰЛЫ!

Мен, Сауытбай Сайрагүл 05.04. 2018жылы Қазақстан-Қытай шекарасын заңсыз өттім. Бұл заңсыз əрекетімнің басты мақсаты – отбасыммен қауышу, бейбіт өмір кешу.

2016жылдан бері екі баламмен жолдасым , Қазақстанның толыққанды азаматы болды. Ал мен Қытайда мемлекеттік қызметте болғандықтан Қазақстанға кетуге үзілді-кесілді тыйым салынды. Ондағы мəселе, менің мемлекеттік қызметкер ретінде маңызды жиналыстарға қатысып, Қытайдың ішкі саясатындағы дүниені Қазақстанға жария етеді деген қорқыныш . Дəл қазіргі уақытта қытайдағы қазағымның жағдайы өте ауыр, адам сенгісіз жағдайды бастан кешіріп жатқандығын Сізге Елбасы ретінде жеткізгім келеді. Бүгінгі таңда қытайда қазақ халқын түпкілікті жою саясаты жүргізілуде . Шіркін, осы қатыгез саясатқа тосқауыл бола алсақ қой!

Ұлты қазақ атаулының барлық жеке бас құжаттары заңсыз тəркіленіп, " саяси лагерь" атты лақап атанған , шын мəнінде түрмеге жабылып, ұшты-күйлі жоқ болуда. Құжатсыз адамды табу мүлдем мүмкін емес екендігі баршамызға аян!

Сол көпшіліктің ішінде , менің де құжаттарымды тартып алғандықтан, қалайда бала-шағама жетіп алуды жөн көрдім. 

Атамекенімде бұл заңсыз əрекетім үшін жауапқа тартылуға дайынмын. 

Құрметті Елбасы!

Сізден өтінерім маған ұл-қызыммен, жолдасыммен қосылып толыққанды отбасы болуға мүмкіндік беруіңізді сұраймын!

Маған Қазақстанның азаматтығын беруіңізді сұраймын, бұл - менің ең басты арманым, себебі, менің ұлтым - қазақ.

 

ҚҰРМЕТПЕН , С.САУЫТБАЙ.

20.06. 2018Ж

Сайрагүл Сауытбай

Сайрагүл Сауытбай

Сайрагүл Сауытбай

Сайрагүл Сауытбай

Биыл сәуірдің ортасында Қазақстанға өткен Сайрагүлді мамырдың 22-сі кешке 21.00-21.30-дар шамасында шекара қызметкерлері, үйінде отырған жерінен ұстап әкеткен. Себебі әйел Қазақстан шекарасынан құжатсыз өткен. Ал әйелінің құжатсыз қалай өткенінен жолдасы Уәли Сіләм хабарсыз еді. Алғашында Жаркенттің уақытша тергеу изоляторында отырды. Бір-екі апта бұрын Талдықорған уақытша тергеу изоляторына ауыстырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір