• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:00:19
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2018 Оқиғалар

Түрмеде өлді деп саналған тұтқын мәйітханада көзін ашқан

Мәйітті союға бірнеше сағат қалғанда ер адам есін жиды

Испания түрмесінде дәрігерлер өлді деп санаған тұтқын аурухана мәйітханасында көзін ашты, деп хабарлайды ВВС-ге сілтеме беріп Sputnik Қазақстан

Гонсало Монтойя Хименес Испанияның солтүстігіндегі Астурия провинциясында жазасын өтеп жатқан. Түрмеде істейтін үш дәрігер тұтқынды тексеріп, оның қайтыс болғанын мәлімдеген. Содан кейін өлім себебін анықтау үшін мәйітті Овьедо қаласындағы сот медицинасы институтының мәйітханасына жеткізуді бұйырған. 

 

Мәйітті союға бірнеше сағат қалғанда ер адам есін жиды. Отбасы мүшелерінің айтуынша, Хименестің денесінде аутопсия (мәйітті сою) алдында жағылатын белгілер болған. "Сот-медициналық сарапшылар мәйітті союға дайындады", — дейді туысқандары. 

Қазір ол дәрігерлердің бақылауымен Овьедо қаласында интенсивті терапия бөлімінде жатыр. 

Болжам бойынша Хименесте каталепсия ауруы (дененің жансыздануы) болған. Каталепсия кезінде өмірлік маңызды функциялар баяулап, кейде адам өлі сияқты көрінеді. 

Бірақ әзірге диагноз ресми түрде расталмады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір