• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:50:33
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2018 NEWS

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы үй сатып алудың жолдары

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылжымайтын мүлікті сатып алудың бірнеше тәсілін ұсынады.

Қазіргі уақытта  табысы орташа қазақстандықтар үшін тұрғын үй алуға тиімді жүйе – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы ипотека алу болып отыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі kn.kz-ке сілтеме беріп жазады.

  Аталған банк  тұрғын үйге ипотека алуды  елімізде ең төменгі пайызда жүзеге асырады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынған модель арқылы клиенттер бірнеше жылда жеңілдікпен берілетін кредит алып, қолжетімді сомада үй сатып ала алады. Банк ұсынған мәліметтер бойынша, 2017 жылы 9 айда 28 990 адам тұрғын үй алған.

ТҮҚЖБ қандай бағдарламалар ұсынады?

Былтырғы жылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бір ғана тарифтік бағдарлама – «Баспана» жұмыс істейді. Осыған дейін жұмыс істеген «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» тарифтік бағдарламалары бірікті.

Салымшы үш мәселе төңірегінде өз жоспарларын анықтап алу керек. Біріншіден, алатын үйдің бағасы қандай болады, екіншіден, бастапқы жарна мөлшері қандай болмақ және ай сайын қандай соманы төлей алады.

«Баспана» бағдарламасы минималды сомаға 500 МРП (1 134 500 тг) салым жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, келісімшарттағы соманы өзгертуге, депозиттерді біріктіруге болады.

Қарыздың мерзімі мен пайыздық мөлшерлемесі  бағалау көрсеткішіне байланысты. Салымдардың неғұрлым жиі салынуы клиенттің бағалау көррсеткішіне әсер етеді.

Салымшы минималды түрде қорды 3 жылға бағалау көрсеткіші 16-ға жеткенше жеткізуі тиіс. Мұндай жағдайда банк клиенті үйді 5 % жылдың мөлшерлемемен ала алады. Егер клиент ары қарай 4 жыл салым салса, бағалау көрсеткіші 20-ға өседі. Пайыздық мөлшерлеме 4,8%-ға дейін төмендейді. Қарызға беруде  минималды пайыздық мөлшерлеме 3,5% жылдық мөлшерлеме.

ТҮҚЖБ-дегі ең тиімді ипотека – тұрғын үйге берілетін қарыз. Мұнда сіз үйді  мемлекеттік бағдарлама бойынша аласыз ба, әлде жаңа құрылыстан аласыз ба- айырмасы жоқ, банктің барлық шарттарын орындаған салымшы ғана ипотека иегері атана алады.

               Қарызды алу шарттары:

  1. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарқа отыру керек
  2. Жиналған сома келісімшарт сомасынан 50 %-дан кем болмауы тиіс. Келісімшартта белгіленген сома шартты болады, сондықтан оны өзгертуіңізге болады
  3. Салым салудың минималды мерзімі 3 жыл
  4. Салымды ай сайын жүргізу керек

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй мен пәтер алу

Бұл тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы жергілікті атқарушы органдар ЖАО  арқылы кредиттік негізде  тұрғын үй алу. ЖАО тізімінде тұрғандар мен банк салымшылары мен кезекте тұрғандарына арналған.

Талаптар:

  1. Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісімшарт жасау
  2. Арыз жазу, үй алуға үміткер мәртебеін алу
  3. ТҮҚЖБ шотында үй бағасының кем дегенде 30%-ның болуы
  4. ҚР азаматтығының болуы немесе оралман мәртебесінің болуы
  5. Өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік үйінің болмауы;
  6. Өтініш берушінің   және оның  отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылдың ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату және  тұрғын үйінен айыру дерегінің болмауы.
  7. ҚТҚЖБ-ның  ішкі құжаттарымен қарастырылған тәртіпте төлем қабілеттілігін растау;
  8. Электронды үкімет веб-порталында тіркеуден өтуі

Аралық тұрғын үй қарызы

Талаптар: 


Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшартты жасау

Жинақтау мерзімі - келісімшарт сомасының 50%

Несие бойынша мөлшерлеме: жылдық 7,5%-дан (ЖТСМ – жылдық 8,9%-дан)

Жылдық 5%, (ЖТСМ* –жылдық 5,3%-дан), «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде.

Жылдық 6,5%, (ЖТСМ* – жылдық 7,2%-дан), «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына» қатысушылар үшін.

*Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі

Несиелендіру мерзімі: 25 жылға дейін.

Алдын-ала тұрғын үй қарызы

 Талаптар:

Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшарт жасау

Салымды толықтыру үшін шот ашу

Салымды толықтыру мерзімі: ай сайын

Несие бойынша мөлшерлеме  

жылдық 5% (ЖТСМ – жылдық 5,2%), «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде келісімшарт сомасының 30%-ын жинақтау кезінде.

жылдық 7,5% (ЖТСМ – жылдық 7,9%), жинақтаусыз, "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына" қатысушылар үшін бюджеттік қаражатты пайдалана отырып.

жылдық 9,5% (ЖТСМ – жылдық 12,8%), «Өз үйім» бағдарламасы шеңберінде келісімшарт сомасының 30%-ын жинақтау кезінде.

Несиелеу мерзімі: 3 жылдан 8,5 жылға дейін 

«Өз үйім» бағдарламасы

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «Өз үйім» бағдарламасы - Банк салымшыларын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Банк клиенттері өз еркімен құрылыс салушыны және ашық дауыс беру арқылы тұрғын үй жобасын таңдай алуы  бағдарламаның бірегейлігі болып табылады.


Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш берген сәтте Банктегі жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі кем дегенде 500 000 (бес жүз мың) теңге міндетті жинақтары бар Банктің барлық салымшылары қатыса алады.   

Бағдарламаның ерекшеліктері:

-салымшыларға Астана және Алматы қалалары бойынша сатып алынған жылжымайтын мүліктің тіркелген жері бойынша міндетті екі жылдық тіркеуге байланысты талаптардың жоқтығы;

-тұрғын үй сатып алу кезінде өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде қандай да бір жеке меншік үйдің болмауы бойынша талаптардың жоқтығы;

-салымшылар құрылыс нысанын таңдау кезінде дауыс беру арқылы тікелей қатыса алады;

-салымшылар үлестік қатысу тарлы шарт жасау арқылы салынған және салынып жатқан нысанда бастапқы нарықта жылжымайтын мүлік сатып ала алады.

 Бағдарлама аясында кредиттеу талаптары:

Кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме заем түріне және өтініш беруші – қатысушының төлем қабілеттілігін анықтау сәтінде Банктің жинақ шотында тұрғын үй құрылыс жинақтары түріндегі жинақтар деңгейіне байланысты:

  • сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнының 30%-ын жинаған жағдайда алдын ала заемдар (Банкте бос қаражаттар бар болған жағдайда) – 9,5%;
  • сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнының 50%-ын жинаған жағдайда аралық заемдар  – 7,5%-дан 8,5%-ға дейін.

Тұрғын үй заемдары ең аз дегенде 3 жыл ішінде 50% жинақтаған және сатып алынатын жылжымайтын мүлік құнынан жоғары және Бағалау көрсеткішінің қажетті мөлшеріне жеткен жағдайда – 3,5%-дан 5%-ға дейін.  

Кредиттеудің мерзімдері: 

Кредиттеудің максималды мерзімі 25 жыл, таңдап алынған заем түріне байланысты.

Осы арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылжымайтын мүлікті сатып алудың бірнеше тәсілін ұсынады. 

Nazerke Musa

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір