• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:07:23
Алматы
+35°

26 Маусым, 2018 Әлеумет

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «5-20-15» ипотекалық бағдарламасының шарттарын дайындауға кірісті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Биылғы жылдың наурыз айында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық жұмыс істейтін қазақстандыққа баспана алуға мүмкіндік беретін "7-20-25" деп аталатын бағдарламасын іске қосу туралы ұсыныс айтқан болатын. Бағдарламаның шарттары бекітіліп, құжаттар қабылдау жөнінде талаптар ел арасында қызу талқыға түсіп жатыр. 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша Астана, Алматы, Ақтау мен Атырауда 25 миллион теңгенің баспанасын ипотекаға алуға болады. Аталған сома - үйдің шекті бағасы. Демек, 20 процент, яғни 5 млн теңге несие алған адамның алғашқы жарнасы болса, қалған 20 миллион теңге 25 жылға қарызға беріледі. Ал басқа аймақтарда ипотекаға берілетін баспананың шекті сомасы 15 миллион теңге (3 млн - алқашқы жарна, ал 12 млн - қарыз) деп белгіленді.

Бағдарлама жарияланбай тұрған жылдары халықтың басым бөлігі өз ақшасын тұрғын-үй жинақ жүйесіне көптеп сала бастады. Ипотекалық нарықтың әлсіреп қалғаны да содан. Оған қоса, үлескерлік құрылысқа қатысты заңнама да күшейтілді. Бұның барлығы стагнацияға әкеліп соқтырды. Ал тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысатындардың саны күрт өсті. Соңғы үш жылдың ішінде аталған жүйе нарықтың 77 процентін алып қойды.

Енді, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының келуімен аталған көрсеткіш өзгеруі әбден мүмкін. Оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі де сезіп отыр. Содан болар,«5-20-15» шарттарын әзірлеуге кірісті. Бұл екі бағдарламаның арасында бәсеке қыза түссе, халыққа арналған қолайлы шарттар жасалып, нарықта ойып орын алатыны анық. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір