• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:24:49
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 Әлем

Трамп: Ресейге қарсы санкция Кремльдің әрекетіне қарай салынады

АҚШ президенті Дональд Трамп 18 сәуірде Ресейге қарсы жаңа санкцияны «Кремль өзі соған лайықты іс жасағанда» салатынын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп 18 сәуірде Ресейге қарсы жаңа санкцияны «Кремль өзі соған лайықты іс жасағанда» салатынын мәлімдеді.

Дональд Трамп бұл жайында Вашингтонда Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен бірге өткізген баспасөз мәслихатынан соң журналистер қойған сауалдарға жауабында айтты.

«Президент Дональд Трамптан өзге ешкім Ресейге қатысты осыншалықты қаталдық танытқан жоқ. Таяуда ғана Сирияда біздің әскеріміз бен Ресей әскерінің арасында кескілескен ұрыс болды және ол өте қайғылы жағдай. Ол ұрыста көп адам қаза тапты», - деді АҚШ президентіне.

Трамп америкалық БАҚ-тың «Кремльге қатысты жұмсақ саясат ұстанады деп негізсіз тұжырым жасайтынына» қынжылды. «Бірақ Дональд Трамптан басқа ешкім қатал бола алмағанын сіздерге Ресейдің өзі айтады», - деп ескертті ол.

Бірнеше күн бұрын БАҚ Трамп әкімшілігінде Сирияда химиялық қару жасауға қатысы бар делінген ресейлік компанияларға жаңа санкциялар салуға қатысты келіспеушілік барын хабарлаған.

5 сәуірде АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Ресейге қарсы санкция 16 сәуірде жарияланатынын хабарлаған еді. Бірақ дүйсенбіде санкция жарияланбай, кейінге қалдырылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір