• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:20:17
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Әлем

Трамп Ақ үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті қабылдады

16 мамырда өткен бұл кездесу шамамен бір сағатқа созылды. Өзбекстан президенті 2002 жылдан бері алғаш рет АҚШ-қа ресми сапармен барып отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті қабылдады. 16 мамырда өткен бұл кездесу шамамен бір сағатқа созылды. Өзбекстан президенті 2002 жылдан бері алғаш рет АҚШ-қа ресми сапармен барып отыр.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 15 мамырда ресми сапармен АҚШ-қа келді. Вашингтондағы "Эндрюс" әуежайында өзбек президенті мен оның әйелін АҚШ үкіметінің мүшелері күтіп алды.

Трамп - Мирзияев

Өзбекстан президенті мен оның әйелі Зироатхон Хашимованы өзбек тілінде қарсы алды.

Трамп үшін Өзбекстан президентімен кездесу - Қытай мен Ресейге, сонымен бірге АҚШ-тың операциялары үшін маңызды алаңына айналған Ауғанстанға жақын орналасқан стратегиялық маңызды елмен қарым-қатынасын нығайту мүмкіндігі.

"Америка дауысы" өзбек редакциясының хабарлауынша, Шавкат Мирзияев пен оның әйелі Блэр Хаус қонақ үйінде тұрып жатыр, Ақ үйдің қасында орналасқан бұл қонақ үйге ресми сапармен келген президенттер тоқтайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір