• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 21:58:01
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2018

Төреғали Төреәлінің продюсері әнші жайлы бар шындықты жайып салды

«Тіпті тойының да бар қамын жасамақ болдым. Ақымақ екенмін», - деп аяқтады Жан Мұқанов.

Төреғали Төреәлінің муызкалық продюсері Жан Мұқанов әнші жайында шындықтың бір бетін ашты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы продюсер Telegram желісінде жазды.

Постты әншінің түбіне жету үшін жазылмағанын да ескертті. 

«Біз ішкі мәселені сыртқа жаймаймыз деп келіскен едік. Алайда соңғы күндері ортақ таныстарымыздан естіп жатқан қауесеттерге қарап, ол өз сөзінде тұрмағанын, өз "бауырына" сөз тигізгенін аңғардым. Мен үндемеген сайын жұрт оның айтқандарына сенеді. Бірақ, оныкі дұрыс емес.

Мен бар жағдайды көңілге тигізбей жұмсақ түсіндіруге тырысамын», - деп бастады Жан Мұқанов.

«Біз Төреғали екеуміз 2015 жылы «Жігіттер» квартетінің концертінде таныстық. Ол уақытта Төреғалиді ешкім тани қоймайтын. Мейрімді, жылы жүзді, мәдениетті жоғары қоятын адамды көрдім!

Республика сарайында алғашқы жеке концертін ұйымдастыру жайлы ұсыныс алдым. Көп ойланбастан келістім. Дәл қазір Шымкент қаласындағы «Риксос» қонақүйінде отырып, бәрінің дәл осы жерде басталғаны есіме түсті. Осы жерде аяқтаймын да. Болды», - дей келе Төреғалидің алғашқы кештерімен бүгінгі күнін салыстырды.

«Мен концертті «Ұлы дала баласы» деп атауды ұсынғанымда әкесі қарсы болды, жұрт түсінбей қала ма деп шошыды. Алайда мен көндірдім. Сол сәттен бастап бұл есім Төреғалиді танытып келеді, барлық кештері осы есіммен өтеді. Алғашқы кеші керемет өткен. Әрі қарай да жоғарылай бердік, түрлі кештер, жобалар болды. Мен ол артисті мақтан тұтатын едім, мақтанатынмын. 2 жыл ішінде оның мәртебесі артып, үздіктердің қатарынан көрінді. Гонорары өсті. Алғашында $200-500 тауып жүрген, бір жылдан соң $8000-дан бір-ақ шықты. Кәдімгі жұлдызға айналды».

Сондай-ақ Жан Мұқанов алдағы жоспарлармен де бөлісті.  

«2018 жылы Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша жобалардың жоспарын құрдық. «Ұлы дала баласы. Әлем» реалити шоуы 7 мемлекетте өтеді деп жоспарланған.

Өмірімде бір адам үшін дәл осылай жұмыс жасамаған едім. Ол адамдығынан айырылса да, өте талантты жан. Енді менің командамның, менің еңбегімді бір сәтте төгіп жібергені өкінішті.

Қазан айындағы жоспарларға келетін болсақ... Төреғалидің 5 кешін де мен өз қалтамнан өткіздім. Өткізуді өзім талап еттім, ол адамның есімін тарихта қалдыру – мақсатым болды».

Продюсер Төреғалимен болған алғашқы түсініспеушілікті есіне түсірді.

 «Әкесінің мінезі бәріне мәлім, әсіресе маған. Сол себепті алғашқы күндері-ақ біздің ісімізге араласпауын өтіндім. Қонақ ретінде келіп, тыныш қайтатын. 5 күндік кеш барысында біз 15 000 билет сатуымыз керек еді, өкінішке орай 3500 – 4000 билет сатылды. Жағдайдың мүшкіл екенін түсіндім. Бізге қомақты ақша керек болған, алайда жиналмады, екеуімізде де болған жоқ. Сөйтіп Төреғалидан болашақта өткізетін кештерден түсетін қаражатты сұрадым. Бірақ Төреғали келіспеді. Бұл тек менің ғана мәселем, өзім шешуім керек екенмін.

Бұл алғашқы қоңырауым еді. Бұрын соңды мұндай келіспеушілік болмаған. Ашуға булықтым, ло адам үшін талай жақсылық жасадым, өтемі осындай болды.

Кейін билеттердің ақшасын қайтарғым келді. Егер мұның бәрі менің ғана мәселем болса, билеттен түскен ақша да менікі болуы тиіс. Бірақ ақша мүлдем жетпеді. Ол да тауып бере алмайтынын айтты. Несі бар, өзіме жүгіруге тура келді.

Тіпті тойының да бар қамын жасамақ болдым. Ақымақ екенмін», - деп аяқтады Жан Мұқанов.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлінің желтоқсанда Павлодарда өткен кеш барысында көрермендерге дөрекі сөйлеген видеосы тараған. Әншінің бұл әрекеті халық арасында қызу талқыланып, үлкен сынға ұшырады. Ертеңінде Төреғали тікелей эфирге шығып халықтан кешірім сұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір