• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:40:32
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2017 Әлеумет

Тілшілерден қорқып қалған шенеунік: Су тасқынын алдын-ала болжайтын көріпкел емеспіз!

Ақтөбелік шенеунік қауіпті болжау үшін көріпкелге барғалы жүр, деп хабарлайды Қамшы АА

Ақтөбелік шенеунік қауіпті болжау үшін көріпкелге барғалы жүр, деп хабарлайды Қамшы АА Nur.kz порталына сілтеме жасап.

Облыста төтенше жағдай жариялағаннан бері журналистерден қашып жүргендердің бірі - су шаруашылығының басшысы.

«Журналистерден қорқатын болдық. Жер дөңгелек, дұрыстап жазарсыздар. Біз көріпкел емеспіз, не болатынын қайдан білеміз?! Бірінші Алла, одан кейін көріпкел бар. Мынадай жағдайды кім білген?! Астана қаласының өзіне қауіп төніп тұр. Осы жағдайлардан кейін көріпкелге барғым келеді», - дейді су шаруашылығының басшысы Бекзат Нəметов.

Басшы облыс əкімінің алдында кінəні басқа жақтан екенін айтып, басын ашып алды.

«Гидробекеттер санын 95-тен 25-ке кесіп тастады. Соны қайтадан қалпына келтіру керек. Бізде болжау бекеттері жоқ. Қазгидромет пен гидробекеттер болжамаса, біз оны иіскеп білеміз бе? Су арнасындағы жер бос жату керек», - деді су шаруашылығының басшысы Бекзат Нəметов.

Фото: Nur.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір