• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 12:06:39
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 Аймақтар

Терме сүйер қауымға: жыршы-термешілер байқауы өтеді

Үстіміздегі жылдың 3 қарашасында Қарағанды облысында «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді.

Үстіміздегі жылдың 3 қарашасында Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының Ш.Ділдебаев атындағы «Кеншілер» сарайында сағат таңғы 10.00-де «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтеді,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.

Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан бір үміткерден қатысып, өз бақтарын сынайтын болады.

Байқауда танымал жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер, эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір