• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 15:28:16
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2017 Әлеумет

Тәжік пен Қырғыз мектеп формасына ұлттық киім киеді. Біз ше?

1 наурыздан бастап Наурыз мерекесіне дейін Тәжікстандағы жоғарғы оқу орнының студенттері сабаққа ұлттық киіммен келуі керек. Тәжікстанның білім және ғылым...

1 наурыздан бастап Наурыз мерекесіне дейін Тәжікстандағы жоғарғы оқу орнының студенттері сабаққа ұлттық киіммен келуі керек. Тәжікстанның білім және ғылым министрлігінің жазбаша нұсқауы бойынша, ұлттық киімді жоғары оқу орындары мен мектептегі ұстаздар қауымы да киюі тиіс. Бұл туралы www.centralasian.org жазды.

Министрліктің баспасөз хатшысы Эхсони Хушвакттың айтуынша, наурыз айында тәжік қыздары атлас пен адрастан тігілген ұлттық киім мен кесте басылған чакан киеді. Наурыз мерекесі кезінде де олар мерекелік киіммен жүреді.

Ресми нұсқауда "тәжік халқының ежелгі дәстүрін қайта жандандыру" мақсатында осындай шешім қабылданғаны айтылған. Наурыз мерекесі Тәжікстанда 21-24 наурыз аралығында атап өтіледі.

Душанбедегі жоғарғы оқу орындағылар осындай нұсқау алғандарын растады. Бұған дейін Наурыз мерекесі кезінде қыздарға ұлттық киім киіп келу туралы кеңес берілетін, бірақ ол кезде ресми нұсқау берілмейтін.

Ал, Қырғызстанда ұлттық нақыштағы бірыңғай мектеп формасы 2014 жылы қаңтар айында енгізілетіні хабарланған болатын. 3 жыл бұрын Қырғызстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осындай шешім шығарған.

Содан бері қырғыз мектептеріндегі оқушылар айырқалпақтарын тастамай жүр десе де болады.

Қазақстанда мектеп формасы жыл сайын білім күні қарсаңында дауға айналады. Көптеген мектеп директорлары оқушыларды өзінің әлдебір танысының фирмасы тіккен мектеп формасын алуға мәжбүрлеп жатады.

Ал, министрлік тарапынан әзірге жалпыұлттық біріңғай мектеп формасы туралы әңгіме шықпаған. Алайда, Тәжікстанның «тәжік халқының ежелгі дәстүрін қайта жандандыру» идеясын Қазақстанда да қолдануға болады. Көбіне кенже қалып қалатын, шет қағылатын «Қазақтың мәдениетін» неге  мемлекет тарапынан қайта жандандырмаймыз? Ондай болған жағдайда балалар да, ата-аналар да үлкен бас аурудан айығар еді. Сонымен қатар Қазақстандағы екі миллиондай оқушы мен мұғалімдерге ұлттық нақышы бар біріңғай үлгідегі киім тігуден арнайы кәсіпорын ашып, біраз адамды жұмыспен қамти да алар едік. Онсыз да балаларымыз киетін костюм мен көйлекті Қытай мен Түркиядан тасимыз. Ең бастысы, қазақы иіс, қазақы болмыс кернейтін еді оқу ошақтарын.

Ақан Бектас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір