• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:34:05
Алматы
+35°

11 Қаңтар, 2018 Әдебиет

Тәуелді болып қытайға, "жемі" болсақ орыстың...

Тәуелсіздік алғалы үш қайта міне жаңғырдық! ООН ның шығып төріне, Төраға болып таң қылдық!

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА ПІКІР


Тәуелсіздік алғалы үш қайта міне жаңғырдық!

ООН ның шығып төріне, Төраға болып таң қылдық!

Таныды әлем қазақты, көк туым көкте желбіреп,

Елорданың аспанын мереке - думан ән қылып!


Әр жыл сайын Елбасы еліне жолдау жолдайды.

Жолдаудан күтіп зор үміт халқы да оны қолдайды.

Жыл өткен сайын "асқынып", қымбатшылық торлайды,

Байый түсіп байларың, кедей - кепшік сорлайды.


Нәтижесін бермейді жүз қадам мен он қадам,

Заң алдында тең болмай, кедей ме, бай ма әр адам.

Тәуелді болып қытайға, "жемі" болсақ орыстың,

Құтылмаймыз ешқашан, қарыз бен құлдық санадан!


Кесем десең тіл міне, айтайын бір шындықты.

Қолдамаймын ешқашан "үш тіл" - деген сұмдықты!

"Единый нация" болатын, Америка емеспіз,

ҚАЗАҚ ЕЛІ атанып, қазақ тіл болсын ең мықты!


Білім менен денсаулық, тегін болсын баспана!

Қамқор болсын мемлекет, кәріге де, жасқа да!

Халық көрсін қызығын, шетте жатқан миллиардтың,

Сатылмасын жеріміз, "әркім" менен басқаға!

Аймұханбет Бейсембеков 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір