• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:33:33
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 Әлеумет

Ташкентте ұлдары азапталған әйелдер «өзін-өзі өртеу» акциясын бастады

Ташкентте ұлдары мен күйеулерін заңсыз түрде айыптады деген наразылықпен  6 әйел өз-өздерін өртемек.

Ташкентте ұлдары мен күйеулерін заңсыз түрде айыптады деген наразылықпен  6 әйел өз-өздерін өртемек.

Өзін-өзі өртеу акциясы 20 қазанда сағат 12:00-де Еуропалық одақтың Өзбекстандағы делегациясы орналасқан халықаралық бизнес-орталығының ғимаратында өтпек.

Акцияға қатысуға 6 әйел ниет білдірді: Инобат Арзиева, Шахноза Арзиева, Дильшада Тангатарова, Барно Восиева, Матлюба Рузиева және Мохира Маннолова.

Өзбекстан құқыққорғау альянсының хабарлауынша, әйелдедің күйеулері мен ұлдары 2015-2016 жылдары қамалған, 2016 және 2017 жылдары Ұлттық қаупісіздік қызметі мен Навои ІІБ өткізген тергеу барысында олар  6 жылдан 7 жылға дейін сотталған.

Оларға елде тыйым салынған экстремистік ұйымға қатысы бар деген айып тағылды. Атап айтқанда, Сириядағы ДАИШ ұйымының қатарына соғысқа жіберетін адамдарды жинады деп айыпталды.

Сотталған 16 жастағы Хасан Арзиевтің анасы Инобат Арзиева тергеу барысында ұлының азапталғанын, бел омыртқасының сынғанын, бүгінде балдақпен ғана жүре алатынын айтты.

Арзиев сәуірде Ташкент әуежайында Санкт-Петербургтан қайтып келе жатқан уақытында ұсталды. Сол күннен бері ана баласын көрмеген.

Арзиеваның айтуынша, полицей қызметкерлері айыптыларды мойындату мақсатында жігіттерді соққыға жыққан.

Шешіндірген, электрошок пайдаланған, қоқан-лоқы көрсетіп, туған туыстарымен қорқытқан. Сот үстінде айыпталған жігіттер азапталған денелерін көрсетуге дайын барған көрінеді.

2 қазан күні сот шешім қабылдап, жігіттерді 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Ал әйелдер соттан әділдікті күтеді. Көктем басталғалы бірнеше әйел президент Шавкат Мирзиеевке арыз жазып, Өзбекстан бас прокуроры Ихтиер Абдуллаевтың алдына бармақшы болған. Алайда бұл әрекеттері нәтижесіз аяқталды.

«Өз-өзімізді өртеу акциясынан басқа қолымыздан келер шара жоқ», - деді амалы таусылған ана.

Аналары мен әйелдері өздерін құрбан етуге даяр ер адамдардың есімі төмендегідей:

  1. Яхшимурод Восиев
  2.  Хасан Арзиев
  3. Фаррух Арзиев
  4. Адил Шокиров
  5. Санат Салимов
  6. Джамшид Сайфуллаев
  7. Азамат Гайбуллаев
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір