• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 20:52:32
+35°

05 Маусым, 2018 Әлеумет

Тамара Дүйсенова менингитке қатысты денсаулық сақтау министрлігін сынады

Тамара Дүйенова 2015 жылы менингит бойынша 424 жағдай тіркелгенін, алайда адам өлімінің деңгейі төмен болғанын атап өтті.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова Қазақстандағы менингококк инфекциясына байланысты денсаулық сақтау министрлігін сынға алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Тамара Дүйсенова бұл туралы «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының отырысында баяндады. Жиын барысында партия хатшысы денсаулық министрлігінің өкілдері мен өңірдегі басқармалардың жұмысын назарға алды.

"Жиынға қатысып отырғандардың барлығы өз ісінің білікті мамандары. Мен барлығыңызды жақсы білемін. Бірге жұмыс істедік. Үлкен шаруалар атқардық. Алайда бүгін көңілдеріңізді қалдыруым мүмкін. Сіздер үлкен проблемаға тап болдыңыздар және әлі де бұл мәселені шешетін шамаларыңыз жоқ", - деді Тамара Дүйсенова.

"Біріншіден, сіздер қадағалап отырған мекемелерде тәртіптің жоқтығы байқалып қалды. Бұл сіз қадағалайтын ұйымдарға қатысты, Алексей Владимирович", - деді Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойға.

Бұрынғы денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрінің пікірінше, (ескерту:кейінірек - халықты әлеуметтік қорғау министрі) жұқпалы ауруларға байланысты қырағылық төменгі деңгейде.

"Осы нәрселер денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына кері әсерін тигізеді. Мен 24 сағат медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің қатарында білікті мамандар жоқ деген пікірден аулақпын. Барлығына жалпылама баға беру дұрыс емес. Алайда біздегі жағдай аталған екі проблеманың ушығып тұрғанын нақтылап берді",- деді Дүйенова.

"Менингит инфекциясының өршуі биыл ғана ушыққан проблема емес. Бұл жыл сайын көтерілетін мәселе. Жұқпалы аурудың жаңа түрі пайда болып, күресу жолдары белгісіз болса түсінер едім. Мәселе біздің мұндай жағдайда қалай әрекет етуді білмейтіндігімізде", - деді партия хатшысы.

Сонымен қатар, Тамара Дүйенова 2015 жылы менингит бойынша 424 жағдай тіркелгенін, алайда адам өлімінің деңгейі төмен болғанын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір