• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:22:54
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2018 Аймақтар

Талдықорғанда әскери қызметшілер грамоталармен марапатталды

ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы органдарының құрылғанына биыл 21 жыл.

ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы органдарының құрылғанына биыл 21 жыл. Осыған орай Талдықорған гарнизонының әскери полиция жасағының жеке құрамына мерекелік бұйрық оқылып, қызмет барысында көзге түскен әскери қызметшілер басшылықтың грамоталарымен марапатталды. Салтанатты шара барысында әскери полиция бөлімінің бастығы подполковник Қайрат Жүніспеков әскери полицияның құрылуы мен міндеттеріне арнайы тоқталып өтті.   

–Талдықорған гарнизонының әскери полициясы әскери комендатура мен автомобиль инспекциясынан бастау алған. Бөлім бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің арнайы әскери құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Құрылған күннен бері ҚР Конституциясын, «Әскери полиция органдары туралы» ҚР Заңын, сондай-ақ өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып өз жұмысымызды тыңғылықты жүргізіп келеміз, – деді подполковник Қ.Жүніспеков.

Әскери тәртіп

Аталған құрылымдық бөлімше ҚР Заңдарымен белгіленген құзыры шегінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтайды, олардың алдын алады. Қылмыс пен құқық бұзушылықтардың салдарымен күресіп қана қоймай, оларды жасауға ықпал ететін жағдайлардың себебіне үңіліп, тергеу амалдарын жүргізеді. Әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен тергеу органдары мен соттан жасырынып жүрген әскери қызметшілерді іздеуде де қарқынды жұмыс атқарып келеді.

Әскери тәртіп

Сонымен қатар, әскери полиция бөлімі азаматтардың арыз-шағымдарын қарайды, гарнизондағы әскери бөлімдер бойынша төтенше жағдайлар жайлы жедел ақпаратты тіркеп, оны талдайды.

Бұдан басқа заңмен белгіленген тәртіп бойынша мерзімді және келісімшартты әскери қызметкерлермен, әскери жиын кезінде запастағы азаматтармен, әскери бөлімдер мен мекемелер ішіндегі азаматтық персоналмен олардың қызмет атқару барысында немесе сол бөлім ішінде жасаған қылмыстарын әшкерелеп, тергеу амалдарын жүргізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір