• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:11:40
Алматы
+35°

12 Шілде, 2018 Әлеумет

"Тағы бір бала зорланған". Абай ауылы педофилдердің мекеніне айналған ба?

Жігітті осыдан алты жыл бұрын бір ауылда тұратын жігіттер зорлаған көрінеді.

Бұрынғы ОҚО, қазіргі Түркістан облысындағы Абай ауылында тағы бір бала жасөспірім шағында зорланғанын айтты. Бұл туралы 22 жастағы жігіт «Еуразия» бірінші арнасының тілшілеріне айтып берген екен.

Жігітті осыдан алты жыл бұрын бір ауылда тұратын жігіттер зорлаған көрінеді.

«Олар менен «түнде не болғаны есіңде ме?» деп сұрады. Менімен сексуалдық қатынаста болғанын және соны видеоға түсіріп алғандарын айтты», - деп түсіндірді түркістандық.

Егер біреуге айтатын болса, видеоны бүкіл ауылға таратып, ата-анасының абыройын айрандай төгеміз деп қоқан-лоқы көрсеткен екен.

Осы күнге дейін жігіт бірнеше рет полицияға арыз түсіріпті, алайда мұнысы құр әурешілік қана. Жігіттің айтуынша, тырп етіп қозғалайын деген құқық қорғау органдарын көрмепті. Қолдарын құр сілтеген. Бұған жігіт кінәлілердің лауазымды туыстары бар деп болжайды.

2012 жылы өзінің зорланғанын айтқан жігіт Жәнібеков атындағы №73 мектепті бітірген екен.

Айта кетейік, бұдан бұрын жеті жастағы баланың әжесі №73 мектепке бірінші сыныпқа барған немересінің зорланғанын айтып, бұл мәселеге бүкіл Қазақстан алаңдаған еді. Қазіргі уақытта шетелден сарапшылар қосылып, аталмыш іске қатысты сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші сынып оқушысына қатысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та пікір білдірген. Президент бұл мәселеге қатысты кінәлілердің әлі күнге табылмай жатқанына таңданысын білдірген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір