• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:06:23
Алматы
+35°

27 Маусым, 2018 Әлеумет

Сүйіктісіне тосын сый жасамақ болған қытай жігіті қонақ үйді өртеді

Қытайдағы Хучжоу қалалық округінің өрт сөндірушілері сегіз шамның бірі құлап кеткен деп болжайды.

Ғашық жігіт қонақ үйден бір нөмір жалдап, қызына тұрмысқа шығуға ұсыныс жасамақ болады. Алайда ойы жүзеге аспай, сегзі шырақпен жасаған жүрегі қонақ үйді өртеп жіберген. Бұл туралы BigPicture. хабарлады.

Бөлмені әзірлеп қойған Чжан есімді қытайлық сүйіктісін қарсы алу үшін шығып кетеді. Қайтып келгенінде жетінші қабат түгелдей түтінге оранып үлгерген.

Қытай жігіті

Қытайдағы Хучжоу қалалық округінің өрт сөндірушілері сегіз шамның бірі құлап кеткен деп болжайды. Құтқарушылар өртті бір сағат ішінде алауыздықтай алды, зардап шеккендер де жоқ.

Қытай жігіті

Алайда сүйіктісіне ерекше тосын сый жасамақ болған жігіттің жолы болмады. Қонақ үйге 38 мың доллар көлеміндегі шығынды өтеуіне тура келді. Себебі өзі жалдаған бір бөлмемен қатар тағы сегіз бөлме өртенген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір