• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:41:59
Алматы
+35°

16 Маусым, 2018 Әлеумет

Стивен Хокингті Дарвин мен Ньютонның қасына жерледі

Лондонда белгілі физик ғалым Стивен Хокингтің сүйегінің күлін жерлеу рәсімі өтті

Лондондағы Вестминстер аббаттығында белгілі физик ғалым Стивен Хокингтің сүйегінің күлін жерлеу рәсімі өтті. Рәсімге достары, туыстары және ғылыми саладағы әріптестері қатысты.

Бұған қоса әлемнің түрлі елдерінен Хокингтің жанкүйерлері қатысты. Жалпы 25 мыңға жуық адам ғалымды жер қойнауына тапсырды. Оны әйгілі ғалымдар Чарльз Дарвин мен Исаак Ньютонның зираттарының қасына жерледі.

Жанама амфиотрофикалық склероз ауруы салдарынан сал ауруына ұшыраған Хокинг биыл наурызда 76 жасында қайтыс болған. Сырқатымен 50 жылдан астам уақыт өмір сүрген ғалым кванттық космологияның негізін салушылардың бірі болды, ол "Үлкен жарылыс" нәтижесінде әлемнің пайда болғаны туралы теорияны зерттеп, "Қара тесік" теориясын ашуға көп еңбек сіңірді. Дерт салдарынан тек бет бұлшық еттері ғана сау қалған Хокинг датчиктің көмегімен компьютерді басқарған.

Ғалым қайтыс болғаннан кейін оның әйгілі механикалық дауысының жазбасы еуропалық Cebreros аэроғарыш станциясының көмегімен ғарышқа радиосигнал түрінде жолданған. Қызы Люси Хокингтің сөзінше, бұл сигнал "бинарлық жүйедегі ең жақын 1A 0620-00 қара тесігі" жаққа қарай жіберілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір