• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:17:54
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 Оқиғалар

Стивен Хокинг өмірден өтті

Британдық астрофизик және космолог Стивен Хокинг 76 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Британдық астрофизик және космолог Стивен Хокинг 76 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC News сайтының дерегін негізге ала отырып. 

Хокинг қара құрдым теориясы мен салыстырмалылық теориясы саласындағы зерттеулерімен танылған. Сондай-ақ, британдық физик-теоретик бірнеше танымал кітаптардың, соның ішінде «Уақыттың қысқаша тарихы» атты еңбектің авторы.

Хокингтің балалары — Люси, Роберт және Тим BBC-ге сүйікті әкелерінің қайтыс болғанына қатты күйзелетіндіктерін жеткізген. «Ол ұлы ғалым және ерекше адам болды. Оның еңбектері мен мұрасы өмір бойы жасайды», деп хабарлады агенттік олардың сөздерін.

1960-жылдардың басында Хокингте бүйір амиотрофикалық склероз белгілері пайда болып, соның салдарынан сал ауруымен науқастанды. Бірақ, ол ғылыми қызметімен белсенді айналысты.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір