• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:10:17
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2018 NEWS

СҚО әкімі Самал Есләмоваға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті

Самал Есләмова дүйім жұртқа құттықтаулар мен қолдаулары үшін алғысын жеткізд

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Канн кинофестивалінде топ жарған жерлес актриса Самал Есләмовамен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесуге Самалдың ата-анасы Ілияс және Гүлмайра Есләмовтер, Самалдың алғашқы  сынып  жетекшісі Зухра Абуқызы және Самал жұмыс істеген Сәбит Мұқанов  атындағы сазды-драма театрының актерлері, сондай-ақ өнер колледжінің оқытушылары мен студенттері  қатысты.

Өңір басшысы осы күнге дейін Қазақстанның және тіпті ТМД елдерінің актрисалары осы атаққа қол жеткізе алмағандығын баса айтты. Құмар Ақсақалов әйгілі актерлер мен актрисалардың рухани әлемі туған жерімен мықты байланыста дейді.

«Әлемдегі ең танымал кинофестивальге қатысып, топ жарып, жетістікке жету Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде болмаған жағдай. Қазақтың атын, рухын көтергенің үшін Самалға алғысымыз шексіз. Қарапайым ауылдан шығып, осындай жетістікке Самал өзінің дарындылығының арқасында қол жеткізді. Көп адамдар әйгілі актерлер үлкен қалаларда туады деп ойлайды. Шын мәнінде, нағыз актерлер мен актрисалар шағын ауылдардан шығады. Адамның ішкі рухани әлемі ата-жұртынан, туған жерінен, тарихынан нәр алады. Самалдың  жетістігі осыған дәлел»,- деді Құмар Ақсақалов.

Самал Есләмова дүйім жұртқа құттықтаулар мен қолдаулары үшін алғысын жеткізді.

«Елге келіп, жерлестерімді көру мен үшін қуаныш. Мені қолдап, құттықтап жатқандарыңыз үшін көп алғыс айтамын», - деді Самал Есләмова.

Кездесуде Самалдың ата-анасы сөз сөйлеп, қыздарының үлкен жетістігіне жылы тілектерін білдіріп жатқан солтүстікқазақстандық жамағатқа алғыстарын жеткізді.

Кездесу соңына марапаттау рәсімі өтті. Құмар Ақсақалов Самал Есләмоваға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Актриса облыс әкімінің құрмет грамотасына да ие болды. Ілияс және Гүлмайра Есләмовтер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір