• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:31:56
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 NEWS

Сомалидегі жарылыстан қаза тапқандардың саны 276-ға жетті

Сонымен қатар, ешбір террористік ұйым аталмыш оқиғаны өз жауапкершілігіне алмағандығы белгілі болды

Могадишода болған жарылыстың салдарынан қаза тапқандардың саны 276-ға жетті, ал 300 адам ауыр жарақат алған. Бұл жайында ақпарат министрі Абдирахман Осман мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.

Сенбі күні жарылғыш зат толы жүк көлігі Могадишо көшелерінің бірінде адам көп жүретін жерде жарылған болатын. Салдарынан 231 адам қаза тауып, 245-і ауыр жарақаттанды деп хабарланған болатын.

«Қазіргі уақытта қаза тапқан адамдардың саны 276-ға жетіп, 300 адам ауыр жарақат алғандығы белгілі болды. Шабуылды «Аш-Шабаб» террористер тобы ұйымдастырған», - деп жазады министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, ешбір террористік ұйым аталмыш оқиғаны өз жауапкершілігіне алмағандығы белгілі болды.

Министрдің айтуынша, Джибути, Эфиопия және Кения мемлекеттері ауыр жарақаттанғандарға медициналық көмек көрсетуді ұсынған. Сонымен қатар, Анкара Сомали билігінің жарақат алғандарды Түркияға емдеуге жіберу туралы өтінішіне жауап берген.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір