• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:35:12
Алматы
+35°

03 Желтоқсан, 2016 Дәстүр

Сый табақ

Сый табақ – қазақтың қонақ шақыру, қонақ күту кәдесінде кәделі жіліктердің де өзіндік жолы, жоралғысы болады. Сыйлы қонаққа, жасы үлкен қарияларға,...

Сый табақ – қазақтың қонақ шақыру, қонақ күту кәдесінде кәделі жіліктердің де өзіндік жолы, жоралғысы болады. Сыйлы қонаққа, жасы үлкен қарияларға, құда-құдағиларға арнап «сый табақ» тартады. Сый табаққа малдың басы, жанбасы жылқы еті болғанда жал-жая, қазы-қарта, ортан жілік, белдеме, омыртқа, қара қабырға сынды кәделі еттер асылады. Сиыр-түйе сынды  ірі қара болғанда, белдеме, жая, өркеш, омыртқа, қарын-сұрын, қи май асылады, ұсақ мал болғанда, бас, жамбас, белдеме, арқа, жауырын, ортан жілік, қабырға және сүбе қабырға, кәрі жілік, ішек-қарын тоқ ішек, жүрек, осылардың ең кәделі, ең майлы, жайлы, қолайлы жіліктерін табаққа молынан салып қонаққа тартады. Мұны қазақ кәдесінде «сый табақ» деп атайды. 
       Қазақтар мұндай мол табақты кейде «төре табақ», кейде «құда табақ» деп те атап жүр. Мейлі, қалай атаса, олай атасын, барібір сыбаға үлкен  құрмет-сый.
       Демек, «Төре табақтан төбедей ет жедік», «Төбе табақтан тоймаған тау  жесе де тоймайды, араны ашқан қоймайды, опалығын да жоймайды» деген әзілді қалжыңның тамшысында тамырлы ой, тойымсыз құлқын, аш көзге қаратқан арлы сөз жатыр, ашынған ашулы көз жатыр, қабаққа қарамай тамаққа қарайтын тар төсті тамақсаулардың тағылымы жатыр.
       

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір