• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 16:50:52
+35°

01 Қараша, 2017 NEWS

СІМ: Нью-Йорктегі терактіде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Нью-Йоркте Өзбекстан азаматы жаяу жүргіншілерді қасақана көлікпен қағып, мектеп автобусын соққан

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасында АҚШ-тағы терактіде қазақстандықтар зардап шекпегенін жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бар мəліметтер бойынша, Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншілерді басып кетуінің нəтижесінде қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстандық дипломаттар осы ахуалды бақылауды жалғастыруда» деп жазды Әнуар Жайнақов.

Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йоркте Өзбекстан азаматы жаяу жүргіншілерді қасақана көлікпен қағып, мектеп автобусын соққан. Соның нәтижесінде 8 адам көз жұмды. 11 адам жарақаттанды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір